jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Мінсіз мүсінді Әсел Сағатова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

    Әсел Сағатова
    Фото: Instagram/asselsagatova

    Отандық танымал актриса Әсел Сағатова желіде жаңа фотосессиясымен бөлісіп, ер азаматтардың барлығын өзіне қаратты. Көпшілік киножұлдыздың мінсіз мүсініне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әсел Сағатова Instagram парақшасында желідегі барша оқырмандарына жаңа образдарын паш етіп, ерлер қауымын естен тандырды. Мінсіз мүсінді актрисаның суреттері бірден мыңдаған лүпілдер мен жүрекжарды пікірлерге ие болды.

    Өнер иесі аталмыш фотосессиян екі түрлі жерде жасаған. Біріншісі бассейн маңында түсірілсе, екіншісі шөл далада өткен. Желідергілерді тәнті еткен фотоларда Әсел Сағатова аса әдемі көйлектерде бой көрсетті.

    Отандық киножұлдыздың ерекше образдары қалың көпшілік көңілінен шыққан. Әсіресе, одан ерлер қауымы көзін ала алмаған көрінеді. Оған Сағатованың суреттерінің астындағы пікірлер дәлел болмақ.

    "Мінсіз ару, керемет актриса" , "Өте әдемісіз. Дене бітіміңізде мін жоқ" , "Осы актриса өзіме ерекше қатты ұнайды. Фотосессиялары да ашық-шашық емес. Бәрі орнымен" , "Әсел ешқашан өзгермейсіз. Үнемі жас әрі көріктісіз" , "Фигураңыз керемет. Қалай осы формаңызды сақтайсыз?" , "Ғашық болдым. Недеген әдемі ару" , "ТалаЙ азаматтардың жүрегін жаралап тастадың" , "Бала күннен ғашықпын. Түк өзгермейіз. Әлі де сол қалпысыз" , "Мына суреттер өте қауіпті. Көзімді ала алмай қарап отырмын" , "Бұл фотоларда бәрі мінсіз. Табиғатта, сіз де" , - деп жазуда желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.