RU

"Қатыгез адам": Жазира Байырбекова жазбасымен елді алаңдатты

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жан сырын ақтарып, жақын адамынан қатты көңілі қалғанын айтты. Өнер иесі оны ақшаны бәрінен жоғары қоятын қатыгез адам ретінде сипаттады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, қазіргі көңіл күйімен бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызының айтуынша, қасында жүрген сенімді адамы оны қатты ренжіткен.

Әнші досының шынайы бейнесін көріп, одан қатты көңілі қалғанын жасырмады. Өнер иесі өзі жақын тартып жүрген жанның достық пен сыйластықтан гөрі ақшаны жоғары қоятынына көзі жеткен.

"Бауырдан да,достықтан да, сыйластықтан да ақшаны жоғары қоятын қатыгез адам екенін сезе тұра,ешкімді тыңдамай үнемі қамқор болып, қорғап, қолдап, жарнамалап жүрген адамыңды табысы көбейіп,саған тәуелсіз болған кезде шын бейнесін көру қорқынышты. Кешірімдімін, кешіремін ғой. Бірақ, ол жақын адамың болса тіпті жаның ауырады. Дәл менің жанымды ауыртқандай мен білмейтін қанша адамның жанын ауыртты екен бұл пенде?! Бүгінгі көңіл күйім осындай" , - деп жазды Байырбекова.

Жазира Байырбекованың бұл жазбасы барша оқырмандардың назарына бірден ілігіп, оларды ойландырып қойды. Желідегі көпшілік бұл азулы жазбада әнші кімді меңзеп айтып тұрғанын біле алмай, оны сұрақтың астына алды. Олар тіпті, өз болжамдарын да жарыса жазған.

Алайда, эстрада жұлдызы әзірге ол адамның аты-жөнін ашып айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890305-katygez-adam-zazira-bajyrbekova-zazbasymen-eldi-aladatty/