Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қажет Смағұл: Рөл үшін ер адаммен сүйісуге дайынмын

Опубликовано:

Қажет Смағұл
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Қажет Смағұл ер адаммен сүйісетін кейіпкерді сомдауға келісімін беріп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі мұндай қадамға рөл үшін баруға дайын екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қажет Смағұл актер ретінде түрлі образдарда бой көрсетуден қорықпайтын болып шықты. Өнер иесі тіпті ер азаматпен сүйісетін кейіпкерді де сомдай алатынын айтты.

Бұл жайында отандық киножұлдызға жасалған арнайы алдау операциясы кезінде белгілі болды. Қазақстандық пранкер Қажет Смағұлға өзін шымкенттік кәсіпкердің ұлы ретінде таныстырып, оған ерекшеұсыныс айтқан. Ол белгілі актерге өзінің туындысында басты рөлді сомдауға шақырды.

Алайда, оның кейіпкері кино барысында ер адаммен сүйісу керек болып шығады. Бірақ, бұл жайт өнер иесін шошыта қойған жоқ. Ол рөл үшін қажет болған жағдайда мұндай әрекетке баруға дайын екенін алға тартты.

Артынан алдау операциясы шектен шығып, пранкердің кейінгі ерсі ұсыныстары актердің ашуын келтірген. Жас жігіт оған фильм алдында алдымен онымен сүйісіп көруді ұсынған. Киножұлдыз бірден бас тартып, оған наразылығын білдірді.

Актерді алдамақ болған жігіт болса, әкесіне хабарласып Қажет Смағұл келіспей жатқанына шағымданған. Ол сөзінде тіпті өнер иесін атып тастауын сұраған. Алайда, көп ұзамай жас жігіт шоу-бизнес өкіліне алдау операциясы жасалғанын мойындады.

Бүгінде желідегілер аталмыш видеоны қызу талқылап жатыр. Алдау шарасының үзіндісі Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890316-kazet-smagl-rl-sin-er-adammen-sjisuge-dajynmyn/

pixel