"Қызымнан қарыз алатынмын": Әнші Бүркіт басынан өткен қиын кезеңді есіне алды
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бүркіт әншілік мансабы қалай басталғаны туралы бар шындықты айтты. Әнші өнерге келерде қатты қиналғанын жасырмады. Ол тіпті сол кездері сүйіктісінен қарызға ақша алып тұрғанын да мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айбек Жансейітов шоу-бизнес саласына жасаған алғашқы қадамдарын еске алып, басынан өткен қиын кезеңі туралы шер тарқатты. Өнер иесі әншілікке қалай келгені туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарған.
"2000 жылдың басында Алматыны бағындырамын деп келгенім әлі есімде. Алайда, барлығы мен ойлағандай тез әрі оңай емес болып шықты. Ол кездері телеарналар мен радиоға түсу аса қиын болған еді. Ал әлеуметтік желілер ол кезде тіптен жоқ болған. Бірнеше айдан соң, сәтсіздікке ұшырап мен өнерді түбегейлі тастауға бекіндім. Қайтадан Таразға ораламын деп ойлағанмын.
Алайда, ішкі жан дауысым осы қаладан өз орнымды табарымды айтып отырды. Тағы тырыссам, мақсаттарыма жететініме сендім. Біраз уақыттан соң, мен Жағалтаев есімді продюсерді таптым. Біз келісімшартқа қол қойып, бірге жұмыс істей бастадық. Мен күні-түні бар уақытымды студияда өткізетінмін. Кейде тіпті бір-екі сағат қана ұйықтаған кездерім болды. Тіпті сол кезде қызымнан қарызға ақша алатынмын. Басымнан осындай да жағдайлар өткен.
Бірақ, мен 1500-2000 теңге көлемінде ғана сұрап тұрдым. Сол қарқынмен екі-үш жыл да өтіп кетті. Барлық қиындықтарға ұарамаста, аз ақша тапсам дамен берілмедім. Себебі, еңбек пен сенім мені жеңіске алып келерін білдім. Қазір бұл қиын кезеңімді күлкімен еске аламын. Маған сол уақыттан бері қолдау білдіріп келе жатқандарға алғысым шексіз" , - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890324-kyzymnan-karyz-alatynmyn-nsi-brkit-basynan-tken-kiyn-kezedi-esine-aldy/