Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдікәрімова "Әлем ханымы-2020"-ға қатысқан екінші қазақ аруға дауыс беруге шақырды

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/ zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы-2020" байқауына өзі қатысып жатса да, аталмыш додада бағын сынап жатқан тағы бір қазақстандық келіншекке дауыс беруге шақырды. Ол барша отандастарын Аяна Сұлтанбековаға барынша қолдау көрсетуін сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлемдік сұлулық байқауында ел намысын қорғап жатса да, оған қатысып жатқан тағы бір қазақстандық әйелге қолдау білдіруді де ұмытпаған.

Хитменнің келіншегі "Әлем ханымы-2020" додасының ресми сайтында өз даусын отандасы Аяна Сұлтанбековаға берген болып шықты. Ол барша қазақстандықтарды байқауда бағын сынап жатқан сұлу әйелге қолдау білдіруге шақырды. Әбдікәрімова Instagram желісінде жазба жариялап, дауыс беру үрдісінің аяқталуына санаулы күндер қалғанын ескертті.

"Қыздың қабағында құт бар деп, төрден орын берген халықпыз. Әйелді жар-ана деп құрметтеген халықпыз. Әлемде қазір әйел орны, әйел құқығы кең қаралуда. “Әлем ханымы” байқауының мақсаты да - әлемнің әр түкпіріндегі әйелге қолдау көрсету, сенім беру. Бұл жобаға қатысып жүріп маған да үлкен идея келді. Қазақтың үйде отырған әйелдерін заманның табысы мол, сұраныстағы жұмыстарына тегін оқытып, алғашқы жемісін жегенше қолдау көрсету. Мен және менің командам бұл жобаны әрі қарай әзірлеп, пісіруде.
Айтпақшы, 4 күннен кейін дауыс беру аяқталады. 4 күнде көп нәрсе өзгеруі мүмкін. Сондықтан күнде сайтқа кіріп дауыс беруді ұмытпайық. Тағы бір сұрарым, маған дауыс берерде отандасымыз Аянаны да ұмытпай қолдай кетіңіздер. Дауыс беру басталғалы Аянаға мен де өз даусымды бердім, қазақтың қыздары көштің басында болғай" , - депжазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Кейін аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық келіншектің қатысып жатқаны хабарланды. Аяна Сұлтанбекова есімді әйел бұл додада Орта Азия атынан шығады,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890366-bdikrimova-lem-hanymy-2020-ga-katyskan-ekinsi-kazak-aruga-dauys-beruge-sakyrdy/