Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Продюсер Алтынбек Рахметовтың анасы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Алтынбек Рахметов анасымен
Фото: Instagram/ergali_abdraimov

Отандық танымал продюсер Алтынбек Рахметовтың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Шоу-бизнес өкілінің анасы өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып Алтынбек Рахметовтың өнердегі әріптесі продюсер Ерғали Әбдірайымов жеткізді. "Жігіттер" квартетінің басшысы Instagram парақшасында оған көңіл айтып, жантебірентерлік жазбасын жолдаған.

Рахымды Алла, анамызды мейіріміне бөлесін. Қайғыңа ортақпын" , - деп жазды Әбдірайымов.

Күні кеше Алтынбек Рахметов те өз парақшасында анасының суретін жариялап, оның астында "Жаның жәннатта болсын, анашым" деген жазба қалдырған.

Белгілі продюсердің қайғысына барша қазақстандық шоу-бизнес өкілдері ортақтасып, оған әлеуметтік желі арқылы көңіл айтуда.

Ерғали Әбдірайымовпен қатар Ернар Айдар, Нұржан Әлімжанов, Жеңіс Ысқақова, Серік Ибрагимов пен Сәкен Майғазиев те өнердегі ағасын барынша жұбатуға тырысты. Шоу-бизнес жұлдыздары Рахметовтың жазбасының астында әсерлі жазбалар қалдырып, оған өз қолдауын білдірді.

Барша желі қолданушылары да шоу-бизнес өкілінің қазасына ортақтасуда.

"Алтеке, анашыңыздың жаны жәннатта болғай" , "Иманды болсын" , "Мықты болыңыз" , "Арты қайырлы, топырағы торқа болсын", "Алла тағала жәннаттан орын нәсіп етсін" , "Орны толмас қаза" , - деп жазуда көпшілік.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Алтынбек Рахметов пен оның жанұясына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890512-produser-altynbek-rahmetovty-anasy-kajtys-boldy/