Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаевтың әйелі өзі жайлы тың мәліметтермен бөлісті

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев жарымен
Фото: Instagram/koyanbayevnurlan

Отандық танымал кинопродюсер Нұрлан Қоянбаевтың жары желіде оқырмандарымен барынша жақын болу үшін оларға өзі жайлы көпшілік біле бермейтін тың мәліметтермен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әйгерім Қоянбаева соңғы кезде Instagram парақшасын қолына алып, онда барынша белсенді болуға тырысып жүр. Белгілі әзілкештің жары жайлы желіде ақпарат өте аз. Сол себепті, ол қалың көпшілікпен өзіне қатысты тың мәліметтермен бөліскен.

Белгілі болғандай, Қоянбаевтың жары Тараз қаласының тумасы екен. Ерлі-зайыптылар 2008 жылы үйленіп, отбасын құрған. Бүгінде отасқандарына 12 жылдан астам уақыт өткен жұбайлар бір ұл мен бір қыз бала тәрбиелеп отыр.

Сонымен қатар, Әйгерім Қоянбаева олардың Түркияда қалып қоятынына аса алаңдаушылық білдірген желі қолданушыларына да жауап беріп үлгерді. Ол қазіргі таңда жұмыс бабымен бауырлас елде тұрып жатқанымен, алдағы уақытта Қазақстанға оралатындарын айтты.

"Ал танысайық менің атым- Әйгерім. Жасым 34-те, Алла берген екі баламыз бар. Бір қыз және бір ұл. Есімдері - Нұрай және Нұрсейіт. Балаларымызды инстаграмға салмаймыз сондықтан сұрамаңыздар басқа, үлкен өтініш. Тараз қаласында туып өскенмін, 2003 Алматы қаласына аграрлық университетке түстім. Мамандығым - СС (стандартизация и сертификатция продуктов). 2008 жылы Алматы қаласында тұрмысқа шықтым. Біз бес жылдай жұмыс бабымен астанада тұрдыө. Қазіргі таңда, Стамбұлдамыз. Түркияға да жұмыс бабымен келдік. Алла қаласа өз елімізге ораламыз, уайымдамаңыздар" , -деп жазды Қоянбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890531-nrlan-koanbaevty-jeli-zi-zajly-ty-mlimettermen-blisti/

pixel