Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжімеймін": Динара Сұлтан келбетін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Динара Сұлтан балаларымен
Фото: Instagram/dinara_sultan1

Қазақстанық шоу-бизнес жұлдызы Динара Сұлтан өзінің бет-әлпетіне қатысты жағымсыз пікір білдірген оқырмандарын орнына қойып тастады. Өнер иесі аяусыз сынның астына қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сұлтан өзінің келбеті туралы негативті пікір жазған көпшілікке жауап берді. Көпбалалы әнші Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, ондай адамдарға ренжімейтінін алға тартты. Өнер иесі халықтың мұндай жағымсыз ойларынан кейін өзі үшін талдау жасайтын болып шықты.

"Неге адамдар көбінесе байқаусыздан жаман сөйлейді.?! Мысалы, "не әбіржіп кеткенсің", "қолың қорқынышты екен", "қасың жалбырап" және тағы басқа сөздер. Мен ренжімеймін, мен талдау жасаймын. Соның біріншісі мүмкін "тәрбиеде" шығар проблеманың бәрі!? Екіншісі, мен табиғилықты ұнатамын. Айтарым, негативті басқаша шығарыңыз қымбаттыларым. Адамға негатив жібергеніңіз өзіңізге екі есе боп келетінін ұмытпаңыз. Жақсы сөзбен жақсылық та екі еселеніп қайтып келеді. Сондықтан,бір-бірімізге жылы сөйлейік,ренжітпейік. Ата-анамызды ұятқа қалдырмайық" , - деп жазды Динара Сұлтан.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Мөлдір Әуелбекова да елдің орамалға қатысты айтып жатқан толассыз сыни пікірлерінен мезі болып, оларға азулы жазбамен жауап қайтарды.

Шоу-бизнес өкілі көпшілікпен бұл тұрғыда жездесінің өзіне айтқан сөздерімен бөліскен. Ер адам жұлдызды балдызына халық алдында жабық киімі үшін ақталып, есеп бермеуін талап еткен. Ол өнер иесіне ешкімді тыңдамай, осы ұстанған жолынан қайтпауын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890579-renzimejmin-dinara-sltan-kelbetin-synagandarga-zauap-berdi/