Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"29 жыл бұрын": Ақан Сатаев студенттік кезінде қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ақан Сатаевтың жас кезі
Фото: Instagram/akansatayev

Отандық танымал режиссер Ақан Сатаев жастық шағында қандай болғанын көрсетті. Ол жеке мұрағатынан студент кезіндегі суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақан Сатаев Instagram парақшасында осыдан 29 жыл бұрын түсірілген фотосымен бөлісіп, желідегі оқырмандарын бір қуантып алды. Әдетте, ғаламтор кеңістігінде аса белсенді емес режиссердің жеке мұрағатындағы суретті жариялағаны қалың жұртшылықты тәнті етті.

"Бұл 1991 жылғы фото. Мен Т.К.Жүргенов атындағы АГТХИ (қазіргі ҚазҰӨА) 2 курс студентімін. Бұл біздің еліміздің Тәуелсіздік алған жылы! Мен бұл күнді 29 жылдан кейін қалай сезінетінімді ол кезде толығымен сезбеппін. Ал бүгінгі ой - бұл баға жетпес Құндылық" , - деп жазды Ақан Сатаев.

Желі қолданушылары бірден аталмыш фотоны қызу талқылап, оған қатысты піккірлерін қарша жаудырды. Кейбір оқырмандар тіпті, Ақан Сатаевты суреттен танымай қалған.

"Недеген сымбатты жігіт болғансыз" , "Қандай сүйкімдісіз" , "Әкеңізден айнымай қалыпсыз. Мен сіздің әкеңізбен бірге жұмыс істегенмін" , "Кіші ұлыңыз сіздің көшірмеңіз секілді" , "Ақан аға сондай сымбаттысыз, қыздардың барлығы артыңыдан жүгірген болар" , "Сізді танымай қалдым. Жас кезіңізде түріңіз басқаша болыпты", "Өз курсыңыздың серісі болған шығарсыз" , "Уақыт қалай зымырап өтуде" , "Сіз айтпасаңыз, мына фотода сіз екеніне сенбес едім" , "Шынымен Сатаев па? Ұқсамайды ғой" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890580-29-zyl-bryn-akan-sataev-studenttik-kezinde-kandaj-bolganyn-krsetti-foto/

pixel