Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның аузынан қан ақты": Қонарова отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтып берді

Опубликовано:

Алуа Қонарова анасымен
Фото: Instagram/aluakonarova

Қазақстандық танымал продюсер Алуа Қонарова балалық шағының естеліктерімен бөлісіп, оқырмандарын жылатты. Шоу-бизнес өкілі отбасындағы зорлық-зомбылық туралы алғаш рет ашық айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алуа Қонарова Instagram парақшасында оықрмандарына барынша ашылып, басынан өткен ауыр күндері туралы жан сырын ақтарды.

Белгілі продюсер әкесінің анасына қол көтерген сәтін есіне алып, отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы бар шындықты айтты.

"Төрт жасар кезім. Сол сәтсіз күн әлі есімде. Ол күні мен әкем жайлы көп нәрсені түсіндім. Түнде айқай-шудан шошып оянып, өзімнің ақ түсті киіміммен жалаңаяқ күйде үйдің дәлізіне жүгіріп шықтым. Сол сәттегі көрініс өмірімде міңгілік із қалдырды. Анамның ұзын, әдемі, қалың шашы төгіліп еденде жатты. Сонымен қатар, анамның ішінен, кеудесінен, арқасынан және бетінен тепкілеп жатқан аяқ та міңгі есімде қалды.
Анашымның аузынан қан ағып жатты. Мен өз қорқынышымнан тұншығып айқайлап, орын алып жатқан жағдайды түсіне алар емеспін. Әкем мас болмаған кездері мені "бір жапырақ қызым" деп атайтын. Ол мені ерекше жақсы көрді. Алайда ол қасымда болса да, жанымнан табылған жоқ. Бұл жайында қазір оңай жаза аламын. Ал кешіру үшін ұзақ жылдар кетті" , - деп жазды Қонарова.

Шоу-бизнес өкілінің бұл оқиғасы барша желі қолданушыларының жүрегіне тигені анық. Олар отбасында орын алған ауыр жағдаймен бөліскен Қонароваға бірден қолдау білдіруге кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890796-anamny-auzynan-kan-aktykonarova-otbasyndagy-zorlyk-zombylyk-turaly-ajtyp-berdi/

pixel