Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірден өткім келді": Актер Берік Тұрсынбеков бес жылдық күйзелісі туралы айтты

Опубликовано:

Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков. Фото: Видеодан кадр

Қалың көпшілікке "Күлпәштың" рөлін сомдап танылған актер Берік Тұрсынбеков бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырын ақтарды. Елді күлдіріп жүретін өнер иесінің шынайы өмірінде көңілді өткен күндермен қатар, еске алуға қорқынышты ауыр кезеңдер де орын алған екен. Әзілкеш бес жыл бойы үлкен күйзелісте жүріп, тіпті өз-өзіне бірнеше мәрте қол салмақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берік Тұрсынбеков басынан өткен аса ауыр кезеңді есіне алып, күйзеліске түсуінің басты себебін ашып айтты. Белгілі актер"Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат беріп, әлдеқандай күштің өзін өлімге бірнеше мәрте итермелегенін жеткізді.

"33 жасымда өмірімдегі ең үлкен күйзеліске түстім. Ол бес жыл бойы жалғасты. Мені жарым Қарлығаш құтқарды. Менің оған үйленуіме ішкі дауыс көмектескен. Мұның бәрі бекер емес. Сол қиын кезде қасымнан сол ғана табылды. Мені жүз пайызға түсініп қолдады. Оған рахмет айтамын. Басқа достарым, театрдың жігіттері болды. Бірақ, мен өзім олардан тоқтау таба алмадым.

Әйелім бір-екі рет асылып өлмек болған кезде үстімнен түсіп қалған. Бұл әрекеттеріме Құдайға деген ренішім итермеледі. Менің күйзеліске түсуіме қатысты ел арасында көптеген қауесеттер тарап кетіпті. Бірақ, біреудің айтқан сыни әрі жағымсыз пікірлердің бұл мәселеде еш қатысы жоқ. Менің түңіліп кетуімнің басты себебі - Құдаймен байланысымның үзіліп қалғаны. Себебі, мен кішкентайымнан онымен сөйлесіп келемін. Ал бір сәтте бұл байланыс үзіліп қалады.

Өлгім келді, сол үшін қатты ұяламын. Құдайға қарсы нәрсе ітеймін деген тентектік қой. Ішімдіктың буымен онымен отырып алып, "неге мені тастап кеттің" деп сөйлескім келген кездер де болды. Өз-өзіңді өлтіруге болмайды. Оны білемін. Ол үлкен кінә. Бірақ, сол кезде сондай арам ой болды. Оның барлығы шайтанның тірлігі ғой.Сол кезде бәінен құтылатындай сезімде болдым" , - деді Берік Тұрсынбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1890974-mirden-tkim-keldi-akter-berik-trsynbekov-bes-zyldyk-kjzelisi-turaly-ajtty/

pixel