Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызымен вальс билеген Тұрсынбек Қабатов елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов қызымен вальс билеп жатыр
Фото: Видеодан кадр

Ғаламтор кеңістігінде отандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызымен вальс билеп жатқан видеосы тарап, елді сүйсіндірді. Желі қолданушылары әкесі мен қызының қарым-қатынасына тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов пен қызының вальс билеп жатқан видеосымен әзілкештің жары Мөлдір Мұқанова бөліскен. Ол күйеуі мен перзентінің ерекше сәтін камераға түсіріп алып, оны өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Өнер иесі мен Айым есімді қызы вальсті Мақпал Жүнісованың әніне билеген. Әкесі мен перзенті соңында бимен қоса, ән шырқап кеткен.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның ерекше видеосына тәнті болып, оларға деген ыстық ықыласын жеткізді. Көпшілік Қабатовтың балаларымен арақатынасына сүйсінген.

"Недеген керемет көрініс. Тұрсынбектің балаларымен байланысы өте ерекше" , "Ұл-қыздарымен керемет қарым-қатынаста екені көрініп-ақ тұр" , "Қандай күшті. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз" , "Көз тоймайды сіздерге қарап. Бақытты болыңыздар" , "Айым жарайсың, папаңды билеп үйретіп жатырсың" , "Тұрсынбекбаласының қасында өзі де бала секілді. Үнемі ойнап, еркелетіп жүреді. Жарайсыз" , -деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева демалыс кезіндегі отбасылық суреттерін жариялап, қалың көпшілікті тәнті еткен болатын. Көпбалалы ана жолдасы мен қыздарымен Түркияда қалай уақыт өткізгендерін көрсетіп, елді қызықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891018-kyzymen-vals-bilegen-trsynbek-kabatov-eldi-tnti-etti-video/

pixel