RU

"Мәхрге көлік сұрадым": Алтынай Жорабаева екінші рет некесін қиды

Алтынай Жорабаева күйеуімен
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева шариғат бойынша күйеуімен некесін қиды. Қуанышты жаңалығымен бөліскен көпбалалы әнші жолдасынан мәхрге қандай зат сұрағанын да жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ

Екінші рет тұрмысқа шыққан Алтынай Жорабаева күйеуімен некесін қидырғанын Instagram желісіндегі Stories бөлімінде хабарлаған. Өнер иесі жеке өміріндегі қуанышымен алдымен барша оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген.

Эстрада жұлдызының айтуынша, жолдасы екеуінің бұған дейін некесі болған. Бұл ерлі-зайыптылар некесін қайта жаңартқан екен.

"Некемізді жаңарттық, достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар, тек соны жаңарттық. Мәхр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын, əрине, Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған еді. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік қайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер" , - деген Алтынай Жорабаева.

Сонымен қатар, шоу-бизнес өкілі жаңа жыл қарсаңында отбасылық фотосессия жасап, қалың көпшілікті тәнті еткен. Жорабаева жанұясымен түскен суреттерін желіде жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болған.

Айта кетейік, бұған дейін Алтынай Жорабаева белгілі отандық актер Серік Әбдіхалықовтың жары болған. Қос жұлдыздың ортақ 4 қызы бар. Алайда, өнер иелерінің дәм-тұзы жараспай, ақыр-соңы ажырасып тынды.

Бүгінде Әбдіхалықов та тағы бір мәрте отбасын құрып, ұлды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891219-mhrge-klik-sradym-altynaj-zorabaeva-ekinsi-ret-nekesin-kidy/