Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұлар кімдер": Ресейлік әншілер Димашты сынаған қазақстандық әртістерге шүйлікті

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген ресейлік жұлдыздармен
Фото: Видеодан кадр

Ресейлік танымал әртістер Димаш Құдайбергеннің өнерге енді қадам басып келе жатқан сәтіндегі видеолардың біріне куә болып, оны сол кезде сынға алған қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін қызу талқыға салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген "Россия" телеарнасындағы "Привет, Андрей" бағдарламасының "Жыл әніне" арналған ерекше шығарылымына қонақ болып барды.

Отандасымызбен қатар студияға ресейлік жұлдыздар да шақыртылған. Олардың арасында Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Ревва бар.

Бір дастархан басында жиналған әртістер Димаш Құдайбергеннің "Саз әлемі" байқауында өнер көрсеткен сәтін тамашалап, оның өнер жолындағы алғашқы қадамдарын еске алды.

Аталмыш жобаға қатысқанда Димаш 17 жаста болған. Ол кезде әділ қазылар алқасының мүшесі Бағым Мақсатқызы оның ән айту шеберлігін қатаң сынға алға болатын.

Бұл жайт ресейлік әртістердің қызу талқысына түсті. Сергей Лазарев Баян Мақсатқызының сіңлісінің сөздерінен кейін тіпті күлкісін тыя алмады.

Николай Басков болса, Димашты тиісті деңгейде бағалай алмаған қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің өзіне шүйлікті.

"Бұлар кімдер өзі? Сыншы тыныс алуды, сахнада тұрудың не екенін, бәрін қалай басқаруға болатынын білмейтін әншіні қалай бағалай алады. Бұл мен циркке немесе балетке келіп, акробаттарды немесе Цискаридзе мен Плисецкая билерін сынағанмен бірдей.  Бұл мүмкін емес, бұл шығармашылық" , - деп ашуланды Басков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891278-blar-kimder-resejlik-nsiler-dimasty-synagan-kazakstandyk-rtisterdi-talkyga-saldy/