Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақан Сатаев туған күнін экс-жұбайы мен бала-шағасымен атап өтті (фото)

Опубликовано:

Ақан Сатаев отбасымен
Фото: Instagram/akansatayev

Отандық танымал режиссер Ақан Сатаев 49 жасқа толды. Кино саласының маманы туған күнін бұрынғы әйелі мен бала-шағасымен бірге атап өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақан Сатаев жаңа жасын тек ет-жақындарымен бірге қарсы алған. Белгілі режиссер туған күн кешінде барлық балаларының басын қосқан. Атаулы күнге кино маманының бұрынғы әйелі Назира Бақаева да барған.

Жұлдызды отбасы отағасының 49 жасын тойлату үшін Алматы тауларында орналасқан демалыс орнын таңдаған. Мерекелік отбасылық кештің суреттерімен Сатаевтар өздерінің Instagram парақшасында бөлісті.

Фотода Ақан Сатаев пен Назира Бақаеваның бала-шағасымен бірге бақытты болып отырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден туған күн иесінқұттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді. Сонымен қатар, олардың барлығы дерлік жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебіздерін жеткізді.

"Недеген керемет көрініс" , "Бақытты отбасы" , "Сіздерден үлгі аламыз. Мақтауға тұрарлық отбасысыздар" , "Ақан аға туған күніңізбен. Бақытты болыңыз" ,- деп жазуда көпшілік.

Назира Бақаева экс-жолдасына әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба арнап, оны ерекше құттықтады. Ол бұрынғы күйеуіне бақытқа толы 25 жылды бірге өткізгені үшін алғысын айтып, мұрағаттағы фотоларды жариялап қойды.

"Ақан, туған күніңмен! Саған деген алғысым шексіз. Бақытқа толы болған 25 жыл үшін рахмет! Денің сау болсын, ұзақ жаса. Сәттілік саған серік болып, алға қойған мақсаттарыңа жете бер. Бар жақсылықты тілеймін" , - деп жазды Сатаевтың бұрынғы әйелі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891320-akan-sataev-tugan-knin-eks-zbajy-men-bala-sagasymen-atap-tti-foto/

pixel