RU

"Ұлды болдым": Әнші Ерлан Көкеевтің бесінші перзенті дүниеге келді

Ерлан Көкеев отбасымен
Фото: Instagram/_anarik__

Отандық танымал әнші Ерлан Көкеевтің отбасы тағы бір сәбимен толықты. Өнер иесінің жары 44 жасында бесінші перзентін дүниеге алып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен бірден Instagram желісінде барша жанкүйерлерімен бөліскен. Анықталғандай, Ерлан Көкеев пен оның жары ұлды болған. Белгілі әнші баласына Керей-Хан деген есім берген.

Өнер иесі өзіне бесінші мәрте әке бақытын сезіндірген асыл жарына алғысын білдіріп, оған деген махаббатын жеткізді.

"Бүгін бесінші мәре әке атандым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік болып табылады. Ұлымның атын Керей-Хан деп қойдым.Сүйіктіме мың алғыс. Ұл сыйлағаның үшін рахмет жаным" , - деп жазды Ерлан Көкеев.

Эстрада жұлдызының әйелі де бұл қуанышымен желіде бөлісіп, тіпті жаңадан туған нәрестесінің алғашқы суретін жариялап қойған.

Желі қолданушылары ата-ана болған ерлі-зайыптыларды жарыса құттықтап, өз ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын" , "Үлкен азамат болсын", "Дені сау болсын, ұзақ жасасын. Сіздердің мақтанышарыңыз болып жүре берсін" , "Қуаныштымыз. Үлгілі отбасылардың бірі", "44 жасында балалы болу деген нағыз ерлік" , "Жарыңыз жарады. Бақытты болыңыздар", "Керей-Ханның қызықтарына тоймай жүре беріңіздер" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, жаңа туған сәбиден басқа Ерлан Көкеев пен жарының үш қызы мен бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891465-ldy-boldym-nsi-erlan-kkeevti-besinsi-perzenti-dniege-keldi/