Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәйбішем "Алтын алқа" алмақ": Балғынбек Имаш қызды болды

Опубликовано:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаштың отбасында қуанышты жағдай. Белгілі ақынның жары оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш тағы бір мәрте әке атанғанын Instagram парақшасында хабарлап, қалың көпшіліктен сүйінші сұрады. Ерлі-зайыптылар қызына Сафия атты есімді берген.

Отбасылық өмірін барынша жасырын ұстайтын айтыскер бала-шағасы жайында да көп айта бермейді. Алайда, бұл жолы ол барынша ашылып, перзенттерінің есімін кімнің құрметіне қойғаны жайында жан сырын ақтырды.

Танымал ақын өзінің қызды болғанымен қатар, бәйбішесінің жақында "Алтын алқа" иегері атанатынын жария етті. Айта кету керек, бұл ерекше жүлде елімізде жеті немесе одан да көп сәби туған келіншектерге беріледі.

"Осыдан 22 жыл бұрын дәл осы күні алғаш рет ӘКЕ атандым. Аллаға шүкір, ұлымның есімін Данияр атты досымның құрметіне қойдым. Көп ұзамай ол досым да ұлды болып есімін Балғынбек деп қойды.

Ол ол ма?! Дәл осыдан он жыл бұрын бесінші ұлым дәл осы күні дүниеге келді. Есімін пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) көкесіндей батыр болсын деген ниетпен Хамза деп қойдым. Екеуінің арасы бір мүшел. Екеуі де барыс жылы желтоқсанның 23 күні туған.

Дәл осы күні Елдос деген досымның да туған күні. Екеуміз 1990 жылы Қырымдағы "Артек" пионер лагерінде танысқанбыз. Ол ол ма?!! Дәл бүгін биылғы жылы тағы бір сәбиім дүние есігін ашты. Сафия атты қара қыз келді Қазақияға.

Алла бұйыртса, бәйбішем "Алтын Алқаның" иегері атанбақ. Сіздерден сүйінші сұрасам айып етпессіздер! Қазақ еліне тағы бір сәби! Осынша нығмет берген Аллаға шүкіршілік етемін. Сіздерге де осындай бақыт, осындай қуаныш тілеймін" , -деп жазды Балғынбек Имаш.

Желі қолданушылары айтыскерді қуанышымен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891514-bjbisem-altyn-alka-almak-balgynbek-imas-kyzdy-boldy/

pixel