Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Baby Boom": 2020 жылы балалы болған отандық жұлдыздар кімдер

Жарияланған күні:

Ернар Айдар жарым мен анасымен және Мейрамбек Бесбаев әйелімен
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

2020 жыл барша қазақстандықтар үшін аса ауыр өтті. Алайда, сынақ ретінде берілген бұл жылда да қуанышты жайттар көп болды. Көптеген отандасымыздың жанұясы тағы бір жанға толықты. Олардың ішіне жұлдызды отбасылар да кіреді. KAZ.NUR.KZ осы жылы балалы болған әртістердің топтамасын оқырмандар назарына ұсынады.

Дильназ Ахмадиева

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева 39 жасында алғаш рет ана атанды. Өнер иесі жолдасына ұл бала сыйлаған. Ерлі-зайыптылар тұңғышына Зейдан деген есім берген.

Қыдырәлі мен Қарақат

Осы жылдың екінші қыркүйегінде жұлдызды отбасында тағы бір қыз дүниеге келгені туралы белгілі болды. Бұл қалың көпшілік үшін күтпеген жаңалықтардың бірі болды. Қарақат Әбілдина жүктілігін соңына дейін жасырып келген еді.

Луина

2020 жылы әнші Луина да алғаш рет ана бақытын сезінді. Өнер иесі маңдайы торсықтай ұл баланы өмірге әкелді.

Қайрат Түнтеков

Биыл "SuperStarKZ" жобасының жұлдызы Қайрат Түнтеков те алғаш рет әке атанды. Шоу-бизнес өкілінің жары оған қыз бала сыйлаған.

Ернар Айдар

Екінші қараша күні Ернар Айдардың отбасы тағы бір сәбимен толықты. Өнер иесі екінші мәрте қызды болған. Ерлі-зайыптылар перзентіне Айым деген ат берді. Мейрамбек Бесбаев пен оның жары жаңадан туған сәбидің кіндік әке-шешесі атанды.

Қайрат Әділгерей

2020 жылы қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар Қайрат Әділгерей тағы да балалы болды. Белгілі әзілкештің төртінші перзенті дүние есігін ашты. Өнер иесінің келіншегі оған қыз бала сыйлаған.

Абай Бегей

Осы жылдың 13 қазанында Абай Бегейдің бесінші перзенті дүниеге келді. Шоу-бизнес жұлдызы мен оның жары бұл жолы қызды болған.

Cерік Ибрагимов

Осы жылы Серік Ибрагимовтің отбасында да қуанышты жағдай орын алды. Әншінің жанұясы тағы бір перзентпен толықты. Өнер иесі мен жары қызды болған.

Рүстем Жүгінісов

Биыл отандық әнші Рүстем Жүгінісов үшінші рет әке атанды. Әншінің шаңырағында ұл бала дүниеге келген.

Ерлан Көкеев

Әнші Ерлан Көкеевтің отбасына да осы жылы тағы бір сәби қосылды. Өнер иесінің жары 44 жасында бесінші перзентін өмірге әкелді.

Балғынбек Имаш

Осыдан бір апта бұрын белгілі айтыскер Балғынбек Имаш та тағы бір мәрте әке атанды. Ақынның келіншегі оған Сафия есімді қызды сыйлаған. Айта кетерлігі, жақында өнер иесінің жары "Алтын алқа" иегері атанбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891563-2020-zyly-balaly-bolgan-zldyzdar-kimder/