RU

"Сырттай ғашық болдық": Роза Әлқожа жолдасы туралы тың мәліметпен бөлісті

Роза Әлқожа жолдасымен
Фото: Instagram/roza_alqozha

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа желіде жолдасына жазба арнап, ол туралы көпшілік біле бермейтін бірқатар мәліметтермен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа Instagram парақшасында күйеуі жайлы жазба жариялап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Онда әнші жолдасының көпшілікке белгісіз қырлары мен жеткен жетістіктерін тізіп шықты.

Белгілі болғандай, өнер иесінің сүйіктісі 2020 жылы "Ақпарат саласының үздігі" атанған.

Ол - газеттің ішкі жұмысында жүріп сырт көзге көріне бермейтін жан. Ол - міндет емес, парыз деп қызмет ететін еңбекқор адам. Кезінде “18жасар журналист бар екен” деп қыздардан естіп, сырттай ғашық болдық қой “Жас Алаштың” тілшісіне! Одан кейін 24жасында “Ақ жол Қазақстанның” Бас редакторы да болды. “Алаш айнасындағы” жұмысы арқылы Алашқа қызмет етіп келе жатыр. Әдетте Айдынның жарты жолын жүргендер құрмет көріп жатады. Бұл жолы лайықты марапат деп ойлаймыз! БАҚ-тағы 22 жылдық еңбегі еленіп Айекең Ақпарат саласының үздігі атанды. Ал, құтты болсын" , - деп жазды Роза Әлқожа.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жолдасына деген ерекше құрметіне тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірген. Сонымен қатар, оқырмандар Роза Әлқожаға қосылып, күйеуін жаңа жетістігімен құттықтауда.

"Құтты болсын марапаттарыңыз" , "Жолдасыңызға деген құрметіңіз көрініп-ақ тұр. Жарасымды жұпсыздар. Бақытты болыңыздар" , "Ескірмейтін махаббат сіздерде, жарайсыздар" , "Бақытты күндеріңіз көп болғай. Халыққа үлгі болар отбасы" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891779-syrttaj-gasyk-boldyk-roza-lkoza-zoldasy-turaly-ty-mlimetpen-blisti/