Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы мемлекеттік награда алған отандық жұлдыздар кімдер

Опубликовано:

Тоқаев Айтбаеваны құттықтады
Фото: Ақорда

2020 жылы бірқатар өнер өкілдері үлкен жетістіктерге жетіп, мемлекет тарапынан мәртебелі марапаттарға ие болды. Еңбегі еленген жұлдыздар арасында кімдер бар екенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

2020 жылы қазақстандық шоу-бизнес өкілдері де халықпен бірге ауыр кезеңді басынан өткерді. Карантин салдарынан той-томалақтар мен ауқымды шараларға тыйым салынғаныдықтан өнер жұлдыздары концерттерге шыға алмай, табыс көзінен айырылды.

Алайда, жыл соңында бірқатар әртістер үшін қуанышты жағдайлар да орын алды. Коронавирустың таралуы бәсеңдеп, оларға шағын жиындарда өнер көрсетуге рұқсат етілді. Оған қоса, желтоқсан айында көптеген жұлдыздар президент қолынан мемлекеттік наградаларға ие болды.

Тоқтар Серіков

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

Жанар Айжанова

Жанар Айжанова биыл алғаш рет мемлекеттік марапатқа ие болды. Өнер иесі де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.

Майра Мұхамедқызы

Отандық танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы мәдениет саласындағы жетістіктері мен ерен еңбегі үшін "Отан" орденімен марапатталды.

Роза Рымбаева

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға "ШҚО Құрметті азаматы" төсбелгісін табыс етті.

Cвета Айтбаева

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаеваны мемлекеттік наградамен марапаттады.

Тоқаев Айтбаеваны құттықтады
Фото: Ақорда

Әлішер Кәрімов

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Әлішер Кәрімов те биыл жүлдесіз қалмады. Әнші ерекше "Халық алғысы" атты марапатқа ие болды.

Индира Еділбаева

Индира Еділбаеваға да Кәрімовке секілді "Халық алғысы" табысталды. Отандасымыз Украинаның үлкен музыкалық жобасында көпшілікті таңдай қақтырып, финалға дейін жеткен болатын.

Қайрат Әділгерей

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей де өнер саласындағы ерен еңбегі үшін "Мәдениет саласының үздігі" атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891942-2020-zyly-memlekettik-nagrada-algan-otandyk-zldyzdar-kimder/

pixel