Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғаш рет": Сиыр сауған Мадина Сәдуақасова желіде қызу талқыға қалды (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова сиыр сауып жатыр
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова алғаш рет сиыр сауып, қалың көпшілікті қатты таңғалдырды. Өміріндегі ерекше сәтін видеоға түсіріп алған әнші онымен желіде бөлісіп, елдің қызу талқысына қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова жаңа жылын аса ерекше бастаған. Өнер иесі сиыр жылында бұрын-соңды істеп көрмеген әрекеттеріне бекініп, желіні шулатты.

Ол Instagram парақшасында сиыр сауып жатқан сәтінен үзінділер жариялап, халық арасында қызу талқы тудырды.

" Ал, "сиыр жылы құтты болсын" деп ырымдап , өмірімде бірінші рет сиыр саудым. Ауылға, туысқандарымызға жаңа жылмен құттықтауға келгенмін қонаққа, дастархан басында басталған әңгіме ғой “Мадинаға сиырды сауғызайық “ - деген. Дұрыс болды, бірақ! Сиыр жылы сиыр саууды біліп алдым , кім біледі, алда өміріміз қандай болып кететінін. Енді мен де басқа қыздар сияқты "сиыр сауа білем, оның түк қиыны жоқ “ дейтін болдым - ау" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Эстрада жұлдызын үй киімде әрі сиыр сауып жатқанын көрген көпшілік бұл жайтқа қатты таңғалған. Олар әншінің бұл қадамға барғанына біраз уақытқа дейін сенбеген.

Кейбір желі қолданушылары тіпті бейнежазбада Мадина Сәдуақасованың өзі екеніне сене қоймай, оны танымай қалып жатты.

"Таңғалдырдыңыз. Не түрткі болды екен?" , "Сауа аласыз. Оның түк қиындығы жоқ" , "Жарайсыз Мадина, сондай қарапайымсыз" , "Өз көзіме өзім сенбей тұрмын. Расымен, Мадина Сәдуақасова сиыр сауып жатыр ма?" , "Бұл шынымен сіз бе? Танымай қалдым" , "Мақтан тұтамын. Намыстанатын жұмыс емес. Оның бұл істі үйреніп алуға бекінгені қуантады" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892222-algas-ret-siyr-saugan-madina-sduakasova-zelide-kyzu-talkyga-kaldy-video/

pixel