RU

Арман Дәулетияров Путиннің қолынан ерекше марапат алды (фото)

Арман Дәулетияров
Фото: Instagram/arman_dav

"МузТВ" арнасының бас директоры Арман Дәулетияров Ресей президенті Владимир Путиннің қолынан ерекше марапатқа ие болды. Мемлекет басшысы телевизия саласының майталманына "Достық орденін" табыстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Дәулетияров бұл қуанышты жаңалығымен Instagram парақшасында бөліскен. Ол мәртебелі марапатты бұл уақытқа дейінгі еңбегінің жемісі деп таныды.

"Өткен жыл мен үшін карантин мен пандемия жылы ғана болып қалмады. Бұл уақытта мен түрлі қорытындылар жасап, толық мерейтойыма жеттім. Бұл қиын кезең бізге көп нәрсені үйретті. Бір сәтте артқа көз жүгіртіп, ненің шын мәнінде маңызды екенін түсіндім. Ненің мағынасы бар екенін ұғындым. Біреу соңына дейін қасыңда қалса, біреу бір мезетте бұрылып кетеді екен. Осы жылдың басты нәтижесі - "Достық ордені". Ресей президенті бұл марапат жөніндегі қаулысына 28 желтоқсан күні қол қойған. Бұл біздің отбасымыз үшін аса мәртебелі марапат болып табылады. Осы жылдар бойы қасымда жүріп келе жатқан жандардың барлығына алғыс айтамын. Олар қайғыларым мен сәтсіздіктерімде қолдау білдіріп, жетістіктеріме менен де артық қуана білді" , - деп жазды Арман Дәулетияров.

"МузТВ" басшысының ерекше марапаты туралы хабардар болған қазақстандық шоу-бизнес өкілдері бірден оны құттықтауға кірісті. Алғашқылардың бірі болып, Арман Дәулетияровтың жаңа жетістігіне Қайрат Нұртас пен Ләйлә Сұлтанқызы ортақтасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892243-arman-duletiarov-putinni-kolynan-erekse-marapat-aldy-foto/