Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнін қалай атап өткенін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы құрбыларымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 43 жасықа толуына орай ұйымдастырған ерекше туған күн кеші қалай өткенін көрсетті. Ақпарат өкілі желіде есте қаларлықтай жиынның суреттерімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жасын атап өту үшін барша жақын құрбыларын жинап, көңілді кеш өткізген.

Туған күн қонақтарының барлығы қызыл түсті киім киюге міндеттелген екен. Instagram желісіндегі фотоларға қарап, қойылған талапты барлығы орындап келгенін байқауға болады.

Айта кетерлігі, тележүргізушінің туған күн кешін танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерей тізгіндеген. Оның асабалық қызметі Ләйлә Сұлтанқызының көңілінен қатты шыққан.

Ақпарат өкілі оған деген өз алғысын жеткізіп, Instagram парақшасында жер-көкке сыйғызбай мақтады.

Ләйлә Сұлтанқызы Қайрат Әділгерейді өзге тамадалардан ерекшелеп тұратын тұстарын тізіп шықты.

"Қайрат Әділгерейдің шағын ғана отырысты әдемі басқаратынын маған Тұрсынбек Қабатов айтқан еді. Расында да өткенде туған күнімде елдің бәрін күлдіріп, есін шығарды. Айта кетерлігі, өте орынды әрі сауатты. Көп тіл білетіні, елдегі жағдайдың бәрінен хабардар екені, әртүрлі кітап оқитыны көрініп тұрды. Өзіме жылдар бойы жаттанды дүниесін тыққыштай беретін тамада/асабалар дым да ұнамайды. Оларға қарап, кейде өзің ұяласың", - деп ағынан жарылды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желідегілер тележүргізушіні өтіп кеткен туған күнімен әлі де құттықтап, өз тілектерін жолдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892271-ljl-sltankyzy-tugan-knin-kalaj-atap-tkenin-krsetti-foto/