"Жауып тастады": Перизат Мырзахмет орамалын не үшін шешкенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал журналист Перизат Мырзахмет өзінің киіну стилін не себепті өзгерткенін ашып айтты. Бұған дейін ел алдында шашын көрсетпей жүрген ақпарат өкілі бүгінде орамал орнында болған бас киімін шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Перизат Мырзахмет өзінің жеке стиліне қатысты бар шындықты айтты. Белгілі журналистің сөзінше, орамал оның барлық тұлғалық қасиеттерін жауып тастаған.
Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына сұхбат берген ақпарат өкілі бұл мәселе жайында жан сырын ақтарып, көпшілік оны тек намаз оқитын қыз ретінде қабылдайтынына қынжылатынын жеткізді.
Өзін тұлға ретінде көрсете алмағанын айтқан Перизат Мырзахмет ақыр-соңы орамалын шешуге бел буып, бүгінде шашын жайып жүр. Алайда, журналист намазын тастамағанын алға тартты.
"Мен намаз оқыдым, басымда орамал болды. Мен кәдімгідей юбка киіп жүрдім. Бірақ, соңғы екі жылда байқағаным: адамдар Перизатты емес, тек қана орамалды көреді. Тұлға ретінде Перизат жоқ. Орамал менің тұлғалық қасиеттерімді кәдімгідей жауып тастады. "Бұл намаз оқитын қыз. Болды. Ешқандай ойы жоқ. Сол құранның, шариғаттың жолымен жүреді" деп айтып жүрді. Сосын шешіп тастадым. Маған ыңғайсыз олай жүрген. Тек орамал шештім, қалғаны барлығы әлхамдулиллаһ өз орнында. Мен ондай нәрселерді жариялап айтып отырғым келмейді. Бастысы, достарым мен туыстарым қандай жолда, не істеп жүргенімді біледі" , - деп ағынан жарылды Перизат Мырзахмет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892279-zauyp-tastady-dimasty-synagan-zurnalist-oramalyn-ne-sin-sesip-tastaganyn-ajtty/