Перизат Мырзахмет: Видеоны толық көрсетсе, Димаштан кешірім сұраймын
Жарияланған күні:
Отандық танымал журналист Перизат Мырзахмет қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергенге арналған шулы жазбасына қатысты пікір білдірді. Ол тума таланттың тарапына айтқан сөздерінен бас тартпаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншіні сынға алған ақпарат өкілі қателігі дәлелденген жағдайда Димаштан кешірім сұрауға қашанда дайын екенін алға тартты. Алайда, ол үшін Перизат Мырзахмет аталған бағдарламаның кесілген үзінділерін көрсетуді талап етті.
Ол видеоның толық нұсқасында Димаш елін жақтап жатқанына көзі жеткен сәтте, өз қатесін мойындайтынын жеткізді. Бұл туралы белгілі журналист ақпарат саласындағы әріптесі Нұрсұлтан Құрманның Youtube аранасына берген сұхбаты барысында айтып берді.
"Видео көрсетсін, мен кешірім сұраймын. Маған кешірім сұрау қиын емес. "Сіздікі қате, сіз менің позициямды біліп алмай қате айттыңыз" десе, мен кешірім сұраймын. Алдына барып кешірім сұраймын ба, пост жасамын ба, мақала жариялаймын ба, тікелей эфирге шығам ба? Бастысы, маған видеоны көрсетсін. "Мен шын мәнінде ол жерде ақтағанмын. Бірақ, мені кесіп тастады" десін. Сосын, мен ары қарай Малаховпен сөйлесемін. Малаховқа жазамын. "Не себепті, дәл сол жерін кесіп тастадың" деймін" , - деді Перизат Мырзахмет.
Сонымен қатар, бұған дейін Перизат Мырзахмет шешпей тағып жүретін орамалын не себепті шешіп тастағаны туралы бар шындықты айтты. Журналистің сөзінше, орамал оның тұлғалық қасиеттерін жауып тастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892330-perizat-myrzahmet-videony-tolyk-krsetse-dimastan-kasan-kesirim-srajmyn/