"Біздің үйдің азаматтары": Оразымбетова жолдасы мен ұлдарын көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова жаңа жылға орай отбасылық фотосессия жасап, онымен оқырмандарымен бөліскен. Әдетте, тек қос ұлымен фото жариялайтын әнші бұл жолы жолдасын да көрсеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке отағасы мен екі ұлын көрсетіп, елді бір қуантып алды. Өнер иесі ерекше отбасылық фотосессиясын Instagram парақшасында паш еткен.
Суреттерде эстрада жұлдызының жолдасы мен қос ұлымен бірге тұрғанын көруге болады. Белгілі болғандай, танымал жанұяның фотосессиясы оңтүстік астанадағы сауда орталықтарының бірінде орын алған.
"Мені алақанда аялап,еркелетіп жүрген біздің үйдің азаматтары" , - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Желі қолданушылары әншінің жариялаған фотоларына лүпілдерін жарыса жаудырып, өз жылы лебіздерін білдіруге кірісті. Көпшілік күйеуін көп көрсете бермейтін шоу-бизнес жұлдызына тәнті болып, оған отбасылық суреттерін көбірек жариялап тұруын сұраған.
"Қандай керемет отбасы. Бақытты болыңыздар" , "Үлгі тұтар отбасы. Сізге тәнтімін. Жолдасыңызды көбірек көрсетіп тұрсаңызшы" , "Қандай әдемі жанұя. Көз тимесін" , "Енді қос ұлыңыздан кейін бір қыз тууды нәссіп етсін" , "Өте жарасасыздар. Күйеуіңізді бірінші рет көріп тұр екенмін" , "Ақырындап отағасын да көрсетіп келеді. Бұған дейін тек қос ұлын ғана жариялайтын еді" , "Асқар таудай арқа сүйер азаматтарыңыз аман болсын" , "Сондай бақыттысыз" , - деп жазуда желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892435-bizdi-jdi-azamattary-orazymbetova-zoldasy-men-ldaryn-krsetti-foto/