"Жалғыз қалғанда кінәмді сезінемін": Рахман Омар бірінші әйелі туралы жан сырын ақтарды
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер Рахман Омар алғаш рет марқұм әйелі туралы айтып, өзінің өкінішімен бөлісті. Сұхбат барысында жан сырын ақтарған өнер иесі бұрынғы жары оның өмірінде мәңгіге ақ ұяшық болып қалатынын мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Рахман Омар бірінші келіншегінің қазасынан кейін көптен бері журналистерге сұхбат бермей жүрді. Алайда, бұл жолы ол Аман Тасыған тізгіндейтін "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасына келіп, өзінің жан жарасымен бөлісті.
Белгілі актер бірінші отбасы алдынағы кінәсін толық сезінетінін алға тартып, бүгінде балаларымен қарым-қатынасы қандай екені туралы бар шындықты айтты.
"Бұрын тағдыр деген нәрсеге қатты мән бермейтінмін. Тағдыр ғой. Жазмыштан озмыш жоқ. Маңдайыңа жазылғанымен, оны сәл өзгертіп алу өз қолыңда. Бірақ, уақытты қайтара алмайсың. Бірнеше түрлі түсті ұяшықтар болса, өткен өмірім ақ ұяшық болып қалады. Әрине, өз кінәмді түсінемін. Жалғыз қалған кезде өз кінәмді сезінемін. Өмірдегі барым да, нарым да балаларым ғой. Анасы ортақ балаларымызға керемет тәрбие берді. Өкініш адаммен өмір соңына дейін ақалады. Бұл туралы көп нәрсе де айта алмайсың. Баянсыз бақ деуге болады. Өткенді өшіре алмайсың. Ендігі тілерім: қазір балаларға ғұмыр берсін. Олардың аяққа тұрып, қалыптасуы үшін атсалысу үшін құдай маған күш берсін" , - деді Рахман Омар.
Еске сала кетейік, Рахман Омардың отбасындағы қазалы оқиға әлі де ел есінде. Актердің бірінші әйелі пәтер жалдаушының қолынан қаза болған еді. Қайғылы оқиға 2018 жылдың 25 маусымы күні орын алды. Әйелдің мойнына 7 рет пышақ салған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892481-zalgyz-kalganda-kinmdi-sezinemin-rahman-omar-birinsi-jeli-turaly-zan-syryn-aktardy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.