Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылыңыз мен үшін үлгі": Фариза Төреәлі енесін туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі енесімен
Фото: Instagram/fariza_toreali

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлінің туған қарындасы желіде енесін туған күнімен құттықтап, қалың көпшілікті тәнті етті. Фариза Төреәлінің күйеуінің анасына жолдаған жүрекжарды тілегі ел жүрегін елжіреткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі Instagram парақшасында енесіне аса әсерлі жазба арнап, оны жаңа жасымен құттықтаған. Онда ол жолдасының анасына деген ерекше құрметі мен асқан сыйластығын паш еткен.

Әншінің қарындасы екінші анасының ақылы мен сабырлығын өзі үшін үлкен үлгі санайтынын алға тартты.

Сонымен қатар, Фариза Төреәлі енесіне Дархан секілді ұлды дүниеге алып келгеніне алғысын айтты. Оның сөзінше, күйеуінің нәзік жандыға деген сыйлы қарым-қатынасы, адамгершілігі, иманы, жанашырлығы, тәрбиесі - анамның тәрбиесінің айнасы.

"Бүгін менің анамның туған күні! Бұл өмірде ата-ананың бақытты жүзінен асқан, олардың қуанышына себепкер болғаннан асқан бақыт бар ма? ⠀Дарханның нәзік жандыға деген сыйлы қарым-қатынасы, адамгершілігі, иманы, жанашырлығы, тәрбиесі - анамның тәрбиесінің айнасы. Алтын құрсақты ана, еліміздің атын әлемге шығарған Дархандай ұлды дүниеге алып келген батыр Ана! Сіздің даналығыңыз, ақылыңыз, сабырыңыз мен үшін үлкен үлгі. Әрбір ақылыңыз мен үшін үлкен сабақ , сізді шексіз жақсы көремін, құрметтеймін, сыйлаймын. Біз екеуміз сіздердің қуаныштарыңыз үшін бәрін жасаймыз Алла қаласа" , - деп желіде жүрекжарды тілегін арнады Фариза Төреәлі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892489-akylyyz-men-sin-lgi-fariza-treli-enesin-tugan-knimen-erekse-kttyktady/

pixel