RU

Дәурен Айдарқұлов: Мен оны қайтарып алдым, біз енді біргеміз

Дәурен Айдарқұлов
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов желіде ерекше видео жариялап, барша оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі өміріне әлдекімнің қайта оралғанын айтып, қызу талқы тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының басым бөлігі Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбетпен қайта қосылғанын болжап жазды.

Белгілі актер Instagram парақшасында жариялаған видеосында халықты әлеуметтік желіде жазылып жатқан алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырып, бар шындықты өзі айтуды шешкен.

"Достар көпшілігіңіз түрлі пабликтерден, әлеуметтік желілерден, ақпараттық сайттардан дәлелсіз әрі шындыққа жанаспайтын жаңалыққа тап болып жатасыздар. Мұндай келеңсіз жағдай орын алмас үшін , мен өз парақшамда өз аузыммен сіздерге керемет жаңалықты хабарлағым келіп тұр. Ол қайтып оралды. Шынына келгенде мен оны қайтарып алдым. Оны қайтару оңай болған жоқ. Бірақ, ештеңеге қарамастан біз енді біргеміз" , - деді видеода әзілкеш.

Алайда, өкінішіке орай, қалың көпшіліктің болжамы қате болып шықты. Шоу-бизнес жұлдызы халыққа жолдаған бейнежазбасында өзінің мысығы туралы айтқан екен. Видео соңында ол үй жануарын құшақтап, оның оралғанына қуанышты екенін көрсетеді.

Желі оқырмандары актердің бұл әзіліне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі қалжыңды түсініп оған күліп жатса, енді бірі оның бұл әрекетін аса ерсі деп санаған. Олар Айдарқұлов бұл ісімен бұрынғы жарын мазақ еткен деп жазуда.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892713-duren-ajdarklov-men-ony-kajtaryp-aldym-biz-endi-birgemiz/