jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Майра Мұхамедқызы жаңа қызметке тағайындалды

    Фото
    Фото: Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық/Facebook

    Белгілі әнші Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

    "Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды.

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет", "Отан" ордендерінің иегері, "Тарлан" сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі "Гранд Операның" Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі.

    Ол 1969 жылы 9 мамырда Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу Джен сыныбы) бітірген.

    Репертуарындағы көптеген шығармалар Қазақстан сахнасында бұрын соңды орындалмаған. Опералық және концерттік репертуарын асқан талғампаздықпен таңдап, үлкен еңбекқорлық пен ізденістің үлгісін көрсетіп келеді.

    Майра Мұхамедқызына жаңа қызметіне сәттілік, шығармашылық шабыт тілейміз!", - делінген хабарламада.

    Майра Мұхамедқызы жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.