RU

Мөлдір Әуелбекова: Алдағы уақытта депутат болуға ниеттімін

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ел күтпеген мәлімдеме жасап, халықты таңғалдырды. Өнер иесі алдағы уақытта өзі де депутат болуға ниетті екенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Әуелбекова өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Ол күні кеше өткен сайлауда сенімді түрде өз таңдауын жасап, болашақта депутат ретінде бақ сынап көрмекші екенін айтты.

Алайда, қазақстандық эстрада әншісі бұл маңызды қадамға тек жолдасы рұқсат берген жағдайда ғана баратынын ескертті.

"Қайырлы күн, Қазақ елі! Сайлауға барып, Нұр Отан партиясының белді мүшесі ретінде өз таңдауыма дауыс беріп келдім. Алдағы уақытта сәті келіп, Алла бұйыртып жатса өзім де «депутат» болуға ниеттімін. Күйеуім рұқсат берсе" , - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Өнер иесінің бұл мәлімдемесі қалың көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Олар шоу-бизнес өкілінің саясатқа бет бұрына қатысты түрлі ой-пікір білдірді. Бірі оны қолдап жатса, енді бірі оны билікке қарай бет алуын сынап тастады.

"Дұрыс, жарайсыз. Сізді қолдап, дауыс береміз" , "Сізден жақсы саясаткер шығар еді" , "Депутаттық не керек? Әніңді айтып жүре бер" , "Өзіңіз ислам жолында жүріп, қалай билікке талпынасыз? Түсіндебім? Әйел заты ешқашан билікке бет бұрмаған" , "Депутат болсаңыз Қазақстан тарихындағы алғаш "орамалды депутат әйел" болатын едіңіз", "Бұл күтпеген жағдай болды ғой. Таңғалдырдыңыз" , - деп жазуда желідегілер.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893063-mldir-uelbekova-aldagy-uakytta-deputat-boluga-niettimin/