RU

Қайрат Нұртас пандемия кезінде отбасымен Мысыр еліне демалуға кетіп қалды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауындағы жеңісінен кейін, бірден отбасымен шетел асуды ұйғарған. Жұлдызды жанұя бұл жолы Мысыр елінде демалып қайтуды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы" байқауы аяқталған бойда, балаларын алып шетелге ұшып кетті. Соңғы уақытта түрлі сыни пікірлерге тап болып, олардан мезі болған жұлдызды отбасы Мысыр еліне аттанған.

Бұл жолы олардың демалысына Жұлдыз Әбдікәрімованың анасы да қосылған. Ерлі-зайыптылар Instagram желісінде барша оқырмандарына Мысырдың керемет табиғат көрсетіп, ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанымен бөлісуде.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова теңізге шомылып қана қоймай, демалыс кезінде балаларына әлемнің жеті кереметінің ішіне кіретін пирамидаларды көрсеткен.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның жариялаған әрбір жазбасын асыға күтіп, оларға пікірлерін жарыса жаудыруда. Көпшілік олардың демалысына қызығып жатқанын жасырмай айтуда.

"Қандай тамаша! Қызығып тұрмын сіздерге, мен де барғым келеді" , "Мұндай демалыс бізге де бұйырсын" , "Жарайсыздар, қатты қызығамын сіздердің жанұяларыңызға" , "Жақсы демалыс болсын. Естеқаларлықтай әсермен оралыңыздар" , "Көпке үлгісіздер ғой. Балаларға жеті кереметтің бірін көрсеткендер бар, көрсетпегендер де бар", "көбірек фото мен видео жүктеңіздерші" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, бұл демалысқа Қайрат Нұртастың ата-анасы бармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893072-kajrat-nrtas-pandemia-kezinde-otbasymen-mysyr-eline-demaluga-ketip-kaldy/