RU

"Карантиннің жемісі": Әнші Жігер Ауыпбаев желіде қызу талқыға түсті (фото)

Жігер Ауыпбаев
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев бар дене бітімін ел назарына паш етіп, желіде қызу пікірталас тудырды. Өнер иесі карантин кезінде уақытын бос өткізбей, дене шынықтырумен айналысқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев жаттығу залындағы суретін жариялап, Instagram желісін бір шулатып алды. Әншінің оқырмандары оның шымыр денесіне тәнті болып, оны қызу талқылап тастады.

"Карантиннің жемісі. Өзіңмен күресіп, жалқаулығыңды жеңе білу үлкен күш" , - деген жазба қалдырған шоу-бизнес өкілі шу тудырған фотосының астында.

Өнер иесі сымбатты денесімен қыз-келіншектер қауымын естен тандырып, олардың жылы лебіздеріне ие болған.

Алайда, кейбір желі қолданушылары эстрада жұлдызын денесін көрсете бергені үшін сынап та жатты.

"Недеген шымыр дене, нағыз ер азамат деп сізді айту керек" , "Ғашық болдым. Карантинді пайдалы өткізген екенсіз" , "Өз дене бітіміне қарайласып тұратын ер адамдарды қатты сыйлаймын" , "Не көрінді қайта-қайта денесін көрсете беріп", "Вандам болса бір жөн" , "Жақсы жаттыққаның көрініп тұр бауырым, құпияімен немесе әдіс-тәсілдеріңмен бөліссең" , "Карантинде босқа жатпапсыз. Денеңіз жинақталып қалыпты" , "Осындайдан кейін қалай ғашық болмайсың", - деп жазуда желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Құралай Анарбекова да мінсіз мүсінін паш етіп, барша ер азаматтар қауымын өзіне қаратты. Киножұлдыз ерекше образдағы суретін әлеуметтік желіде жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893104-karantinni-zemisi-nsi-ziger-auypbaev-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto/