Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Дәулетияров "МУЗ-ТВ" арнасының басшылығынан кетті

Опубликовано:

Арман Дәулетияров
Фото: Instagram/arman_dav

Ресейлік "МУЗ-ТВ" арнасының бас директоры Арман Дәулетияров ресми түрде басшылық қызметінен кеткенін мәлімдеді. Телевизия маманын бұл қадамға қандай жайттар итермелегенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Арман Дәулетияров 20 жыл бойы ерен еңбек еткен "Муз ТВ" арнасынан өз еркімен кетті. Ресейдегі үздік музыкалық каналдың басшысы бұл шешімді ұзақ ойланып қабылдаған. Нәтижесінде ол өзінің қолайлы ортасынан шығып, бағын басқа жақта сынағысы келетінін түсінген.

Телевизия саласының майталманы Instagram желісінде ағынан жарылып, өзімен қызметтес болған барша әріптестерімен қоштасты.

"Достар, биыл МУЗ-ТВ арнасына 25 жыл. Бүгінгі күні телеарна өзінің шарықтау шегінде тұр. Телеканалдың қаралымы өте жоғары деңгейде әрі қазіргі таңда осы 25 жыл ішінде ол ең үздік қаржы көрсеткіштеріне ие. Бүгінде МУЗ-ТВ мемлекеттің ең үздік музыкалық арнасы деп сенімді түрде айтуға болады. Осы жайттардың барлығын ескере, менің де шетке кететін уақытым келді.

Мен МУЗ-ТВ енді ғана құрылып, алғашқы қадамдарын жасап жатқанда жұмысқа кірдім. Оның 25 жылының 20-сын біз бірге өткіздік. Асқан адалдық пен өз ісінің кәсібилігі үшін МУЗ-ТВ командама алғысым шексіз. Олар әрдайым маған сенімді тірек бола білді. Маған сенім артқан каналдың акционеріне рахмет айтқым келеді. Оған қоса, әртістер мен музыка саласының барша өкілдеріне МУЗ-ТВ мен маған деген махаббаттарыңыз бен ерекше ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын.

Біз де сіздерді жақсы көреміз. Елу жастан асып, мен өзім үшін бір нәрсені ұқтым. Мен өзіме қолайлы ортадан шығып, өзімді басқа жағынан сынап көргім келетінін түсіндім. Жаңа мақсаттар мен жетістіктерге қарай ұмтылмақпын. Мен МУЗ-ТВ арнасынан кетсем де, жүрегім мен жаным мәңгі сонда қалады" , - деп жазды Арман Дәулетияров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893137-arman-duletiarov-muz-tv-arnasyny-bassylygynan-ketti/

pixel