RU

"Жаңа жылдың арқасы": Мадина Сәдуақасова жақындарымен татуласқанын айтты

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова бұған дейін күйзеліске түсіп, қасында сыр айтар ешкімі қалмағанына шағымданған болатын. Өнер иесінің жақындары онымен сөйлеспей қойған. Алайда, бұл күндер артта қалды. Жаңа жыл арқасында әнші жанына жақын жандармен татуласыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова жаңа жыл мерекесінде сөйлеспей кеткен барша жақындарымен байланысты қайта орнатып, арадағы өкпе-ренішті ұмытқан. Бұл туралы ол КТК арнасындағы "Без фильтров" атты бағдарламасында айтты.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы жақындарымен араласпай кетуіне не себеп болғанын алғаш рет ашып айтты. Оның сөзінше, сол сәтте барлығы оның әрекеттерін қате деп есептегендей көрінген.

"Бұл расымен менің өмірімде орын алған ауыр кезең. Шынымен, сол кезде мені жақындарым да, құрбыларым да түсінбей кетті. Мен оларға барынша түсіндіруге тырыстым. Бірақ, оларға ойымды жеткізе алмадым. Құрбыларым маған өзге психология жайында кеңес айтып, мені басқалай тәрбиелемек болды. Бірақ, мен үлкен адаммын. Өз өмірімді, өз іс-әрекеттерімді, өз шешімдерімді өзім шеше аламын. Барша жақындарым мен құрбыларым мен дұрыс өмір сүрмей жатқанымды бетіме басты.
Осы сәтті пайдалана отырып, тағы да айта кеткім келеді. Мен өмірді өзімнің жеке қалауымша сүргім келеді. Қазір бәрі жақсы, бәрі дұрысталды. Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, мені жақындарыммен жақындатты. Құрбыларыммен де татуласып алдым. Жаңа жыл оларды өз пікірін өзгертуге мәжбүрлеген" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893306-zaa-zyldy-arkasy-madina-sduakasova-zakyndarymen-tatulaskanyn-ajtty/