Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұсауы кесілді": Аша Матай мен Арман Қоңырбаев кіші қызының туған күнін атап өтті

Жарияланған күні:

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев
Фото: Instagram/asha_matai

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі саналатын Аша Матай мен Арман Қоңырбаевтың кіші қызы бір жасқа толды. Жұлдызды ата-ана екінші перзентінің туған күнін атап өтіп, оның тұсауын кестірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев қыздарының бір жасқа толуына орай, өз үйлерінде үлкен дастархан жайған. Ерлі-зайыптылар екінші перзентінің туған күніне тек ет-жақындарын ғана шақырған.

Жұлдызды ата-ана Айым Арманқызының құрметіне ұйымдастырылған отырыстың фото және видеоларымен Instagram желісінде Stories арқылы бөлісті. Кейіннен туған күндегі бейнематериалдар Аша Матайдың фан-парақшаларына тарап кетті.

Бейнежазбада бір жасқа толған Айым мен оның әпкесі Асылымның әсем көйлекпен жүргенін көруге болады. Оған қоса, видеолардың бірінде Аша Матай туған күн барысында екінші қызының тұсауы кесілетінін хабарлады.

"Бүгін Айым бір жасқа толып жатыр. Бұйыртса бүгін балапанымыздың тұсауын кесетін боламыз. Өзі жүрейін деп жүр" , - деді Аша Матай.

Желі қолданушылары Арман мен Ашаны құттықтап, олардың қыздарына өз ақ тілектерін жолдады. Жұлдызды жұптың жанкүйерлері оларды отбасылық мерекелер мен отырыстарда қайтадан бірге көруге аса қуанышты екендерін жасырмады.

"Айымның жасы ұзақ болсын. Қызығына тоймай жүре беріңіздер" , "Тәтті балапан, үлкен азаматша болсын. Жолы ашық болсын" , "Екеуін қайтадан бақытты көру неткен керемет. Жұптарыңыз жазылмасын. Ұрыс-керіс болып тұрады. Бірақ, ақыл мен махаббат бәрін жеңіп шығады" , "Бақытты болыңыздар. Көз тимесін" , "Екеуі шынымен қосылған секілді. Сондай қуанышытымын" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893676-tsauy-kesildi-asa-mataj-men-arman-koyrbaev-kisi-kyzyny-tugan-knin-atap-tti/