Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілімнің жары аяғы ауыр кезіндегі суреттерімен бөлісті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mahonti__

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім жақында ғана алғаш рет әке атанды. Өнер иесі ұлды болған. Актер мен оның жары тұңғыштары дүниеге келмейінше сәби күтіп жүргенін көпшіліктен барынша жасырып келді. Алайда, Махаббат Мүсілім бүгінде перзентін аман-есен босанғаннан кейін аяғы ауыр кезіндегі фотоларымен бөлісуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім мен оның әйелі тіл-көзден қорыққандықтан ұлдары дүниеге келмейінше бұл жаңалықты ешкімге жарияламауды жөн көрген. Актердің келіншегі жүктілік уақытында әлеуметтік желіде тек бұрынғы суреттерімен бөлісіп жүрді.

Алайда, бүгінгі күні жас ата-ана бұл қуанышын жасырмай, барша жанкүйерлерінің назарына ерекше отбасылық кадрларды ұсынды. Махаббат Мүсілім Instagram парақшасында аяғы ауыр кезінде жасалған аса әдемі фотосессияны жариялап, оықрмандарын бір қуантты.

Аталмыш түсірілімге ол жұлдызды жолдасымен бірге түскен. Ерлі-зайыптылар бір-біріне сай классикалық үлгіде киініп алған. Фотоларда Махаббат Мүсілімнің іші шығып тұрғанын байқауға болады.

Олар бұл ерекше кадрларды естелік ретінде отбасылық мұрағатқа енгізген.

Желі қолданушылары Махаббат Мүсіліпнің жүкті кезіндегі бейнесіне сүйсініп, Тәуекел екеуіне жылы лебіздерін жаудырды.

"Неткен жарасымды жұп. Фотосессия әдемі шыққан" , "Бір-біріңізді толықтырып тұрсыздар. Махаббатқа жүктілік жарасады екен" , "Көз тимесін, бақытты болыңыздаршы" , "Сондай керемет жұпсыздар. Сіздерден үлгі аламын" , "Ерекше естеліктер ғой. Осындай бақытты сәттерді фотосессия арқылы сақтап тұру керек" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893916-tuekel-msilimni-zary-aagy-auyr-kezindegi-suretterimen-blisti/

pixel