"Ақботамен қосылмаймын": Айдарқұлов осы жылы үшінші мәрте үйленетінін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың жеке өмірі тағы да ел аузында. Өнер иесі осы жылы үшінші мәрте үйленуге ниетті. Бұл жоспарымен ол өзінің желідегі оқырмандарымен бөлісті. Алайда, шоу-бизнес жұлдызы бұрынғы жары Ақбта Сейітмағамбетпен қосылмайтынын кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәурен Айдарқұлов экс-жұбайы Ақбота Сейітмағамбетпен өткен жылы заңды түрде ажырасып кетті. Актердің екінші некеден екі баласы бар.
Соңғы кезде қоғам арасында актердің бірінші әйелі Баянгұлге оралғаны жайлы қауесеттер тарауда. Өнер иесінің бірінші некесінде екі қыз бен бір ұл туған.
Дәурен Айдарқұловтың жеке өміріне асқан қызығушылық білдірген желі қолданушылары оған отбасына қатысты түрлі сұрақтар жаудырып тастаған. Белгілі актер одан бетер халық күдігін ушықтырмас үшін олардың көкейінде жүрген сауалдарға шынайы жауап беруге тырысқан.
Айдарқұлов өзіне бала тәрбиесі мәселесіне қатысты сұраққа жауап беріп, қай некедегі перзенттеріне көбірек көңіл бөлініп жатқанын ашық айтты. Оның сөзінше, бүгінде ол бірінші отбасындағы балаларының тәрбиесіне етене араласуда. Ал екінші некеден туған ұл-қызының тәрбиесіне қатысты мәселе қиынға соғуда. Актер оған балаларының одан бөлек тұрып жатқаны себеп болып отыр.
Ақбота мен Дәуреннің жанкүйерлері әлі де олардың қосылатынына үмітін үзбеуде. Алайда, бұл мәселеге қатысты өнер иесі қысқа да нұқсқа жауап берді.
"Мен Ақботамен қайта қосылмаймын. Екеуміздің танысқанымызды қалап, кеңес беріп, сұрақтың астына алып жатқандарға айтарым - біз енді қосылмаймыз. Себебі шариғат бойынша, неке деген ойнайтын зат емес. Ажырасып, қайта қосыла беруге болмайды. Мен қазір жар іздеп жүрмін. Оны жасырмаймын. Бұйырса, үшінші рет үйленемін. Сонымен бұл тақырыпты жабайық", - деді ол.
Оқырмандарына жан сырын ақтарған әзілкеш бірінші әйелімен қазіргі таңда қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді.
"Баянгүл күнделікті үйге келіп тұрады. Балалары менің қасымда. Себебі ата-әжесімен бірге болған ыңғайлы. Ал жақсы пәтер табылған соң анасымен де, бізбен де бірге болады. Екінші некедегі балаларымен күнделікті кездесе бермеймін. Себебі екі жақтамыз", - деді Айдарқұлов.
Актердің жанкүйерлері оның болашаққа деген жоспары туралы да сұрап өтті. Өз кезегінде ол алдағы жылы үшінші мәрте шаңырақ көтеруге ниетті екенін жасырмай айтты.
"Қалжың қалжыңмен ғой. Бірақ, бұл негізі күрделі мәселе. Жасырмаймын, қазіргі таңда іздеу үстіндемін. Құдай қаласа, осы жылы некемді қидырмақпын. Бізді уақытта жақсы жарды іздеп табу өте қиын" , - деп қайырды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893932-akbotamen-kosylmajmyn-ajdarklov-osy-zyly-sinsi-mrte-jlenetinin-ajtty/