Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолымды қысып, көмек сұрағандай болды": Әкесін есіне алған Тәуекел елді жылатты

Жарияланған күні:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесін ақтық сапарға қалай шығарып салғаны туралы айтып берді. Шоу-бизнес жұлдызы онымен өткен соңғы кездесуін есіне алып, көз жасын тыя алмастан жылап жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім әкесі туралы ешкімге айтпаған сырын "Еуразия бірінші" арнасындағы "Еі алғашқы" бағдарламасында ақтарған. Белгілі актер асқар тауы әкесімен соңғы рет жүздескен сәтін еске алып, ол кездесу жайлы толығырақ айтып берді. Белгілі болғандай, ол әкесі хал үстінде жатқанда оның қасынан табылған.

"Ол кезде мен төртінші курста оқып жаттым. Біз дипломдық жұмысқа дайындалып жүргенбіз. Диплом қорғауға бір апта қалғанда маған әкемнің інісі хабарласты. "Келіңдер, уақыт таяп қалды" деп айтты. Маған күндіз қоңырау шалынды. Кешке анам екеуміз жолға шығып кеттік. Бардық, өте қиын жағдай болды. Шыны керек, ол кісі ірі денелі, бойы ұзын еді. Мен келген кезде танымай қалдым оны. Мүлдем бойы шөгіп қалған қарт кісі болып қалған. Ол ешкімнен қорықпайтын. Әрдайым өзіне сенімді мықты еді. Бірақ, сол күні мен алғаш рет оның көзінен қорқыныш көрдім.
Маған қарап тұрды да, қолымды қысады. Қолымды қысқанда қорқынышты байқадым. "Көмектес" деп айтқысы келді. Бірақ, айта алмады, сөйлей алмады. Дегенмен, оның көзі бәрін байқатты. Бұл жерде енді Алла тағаланың күш-қуаты ма, өзіне көрсетейін дегені шығар. Исламда айтады ғой, адам өмірден қиналып өтсе, күнәлары жойылады деп. Ол кісінің қабірдегі жағдайын ойлағаннан кейін сезімге беріліп жатырмын. Алла тағала күнәларын кешіріп, жәннат нәсіп етсе деймін" , - деп ағынан жарылды Тәуекел.

Сұхбат барысында ол өз-өзін ұстай алмай көз жасына ерік берді. Өнер иесі көпшілік ойлағандай, оның әкесіне деген ешқандай өкпе-реніші жоқ екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894007-kolymdy-kysyp-kmek-sragandaj-boldy-kesin-esine-algan-tuekel-eldi-zylatty/