Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім ерекше отбасылық видеомен бөлісті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Видеодан кадр

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Тәуекел Мүсілім келіншегі мен ұлын перзентханадан шығарып, үйде оларды қалай күтіп алғанын көрсетті. Актер жары мен баласына ерекше тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім әйелі мен тұңғышын перзентханадан шығарып алуға жоғары деңгейде дайындалған. Ол медициналық мекеме алдында ғана емес, үйінде де ерекше тосын сый ұйымдастырған.

Белгілі актер жары мен баласының келуіне орай пәтер ішін түрлі түсті шарлармен безендіріп, қабырғаға "Ұлым үшін рахмет" деп Махаббатқа алғысын білдірген.

Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында бөліскен отбасылық видеосында дүниеге енді ғана келген сәбиі да түсіп қалған. Бейнежазбада жас ата-ананың ұлдарымен ойнап отырған сәтін көруге болады.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға деген құттықтауларын жаудыруды әлі де тоқтатар емес. Олар Тәуекел мен Махаббатқа өз ақ тілектерін жолдап, олар үшін аса қуанышты екендерін айтуда.

"Бақытты болыңыздаршы. Керемет жұпсыздар. Көз тимесін" , "Балаларыңыз көп болсын. Айтөренің артынан көп ұзамай қарындасы немесе бауыры дүниеге келсін" , "Тәуекел сіз үшін шын жүректен қуаныштымын. Әке атануыңызбен. Айтөренің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер" , "Ұлыңыз үлкен азамат болсын" , "Махаббат жарайсың. Енді Айтөремен тоқтап қалмай, тағы да балалы болуыңа тілектеспіз" , "Өте жарасымды жұпсыздар. Ұлдарыңыз кімге ұқсайды екен?" , "Тәуекел мықты дайындалыпты ұлын шығарып алуға" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894111-tuekel-msilim-erekse-otbasylyk-videomen-blisti/

pixel