RU

Ақбота Сейітмағамбет пандемияға қарамастан Дубайға демалуға ұшып кетті (фото, видео)

Ақбота Сейітмағамбет демалыста
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет көптен күткен демалысына аттанды. Соңғы кезде түсірілімдерден көз ашпай кеткен өнер иесі пандемия болып жатса да, шетелге саяхаттап келуді жөн көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған ару естен кетпес демалыс өткізу үшін арнайы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған. Ақбота Сейітмағамбет шетелге қос құрбысымен бірге аттанған. Бүгінде олар әйгілі Дубай қаласының аралап, оның қызықты жерлеріне барып жүр.

Өнер иесі Instagram парақшасында өз оқырмандарымен күнделікті байланысқа шығып, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Әнші шетелге балаларын алып бармаған көрінеді. Себебі, Ақбота жариялаған суреттер мен видеоларда олар бой көрсетпейді.

Желідегілердің пайымдауынша, екі баланың анасы перзенттерісіз өзі демалып қайтуды шешкен. Олар шоу-бизнес жұлдызына демалысы сәтті өтіп, елге аман-есен оралуын тілеп жатыр.

"Керемет, мен де барғым келеді Дубайға" , "Бәрі сол қалада жүр ғой. Сізге бұл демалыс ауадай қажет болды. Өміріңізде түрлі жағдайлар орын алып, жұмыстан көз аша алмай кеттіңіз" , "Дұрыс, өзіңіз үшін демалып қайтуға әбден құқылысыз" , "Бәрін үлгеріп жүресіз. Қалай? Сырыңыз неде?" , "Жақсы демалыс болсын. Естен кетпес көп әсермен оралыңыз" , "Дубайдағы қызықты жерлермен бөлісіп отырсаңыз" , "Елге аман-есен оралуыңызды нәсіп етсін" , "Көбірек фото салып тұрыңызшы" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894469-akbota-sejitmagambet-pandemiaga-karamastan-dubajga-demaluga-syp-ketti-foto-video/