Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іші пысқан": Жұлдыз Әбдікәрімованың ерекше образы қызу талқыға түсті (фото)

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде қызу талқыға қалды. Актрисаның Мысырда жасаған ерекше фотосессиясы оқырмандар арасында пікірталас тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында Мысыр ханшайымының образын паш етіп, елден оңбай сөз естіді. Тележүргізушінің ерекше фотосессиясы желідегілердің қызу талқысына ұласты. Оның жаңа суреттеріне қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді.

Бірі көпбалалы ананың ерекше образына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдіріп жатты. Ал кейбір оқырмандар керісінше, оны бұл әрекеті үшін сынға алған.

"Керемет, сізге жарасып тұр. Құдды Мысыр патшайымы секілдісіз", "Сізге не кисеңізде жарасады ғой", "Түк жарасып тұрған жоқ. Ерсілеу көрінетін сияқты. Бұл менің жеке пікірім" , "Он жыл үйде отырып іші пысқан ба" , "Бір түрлі көрінеді екен" , "Немен таңғалдырарын білмей жүргендей, әйтеу ел аузында болу керек" , "Жұлдыз елдің сөзіне мән бермеңіз, жасай беріңіз. Сізге бәрі жарасымды" - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты заңға пікір білдіргенін жазған болатынбыз. Хитменнің жары бұл жаңа заң жобасына өзінің қарсылығын ашық айтты. Оның сөзінше, бала тәрбиесін заңмен шектеу және бір-бірінен алшақтату - аманатқа қиянатпен тең болып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894543-isi-pyskan-zldyz-bdikrimovany-erekse-obrazy-kyzu-talkyga-tsti-foto/