Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кештім": Мөлдір Әуелбекованың әсерлі жазбасы елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі қалың көпшілікті барынша кешірімді болуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі жеке парақшасында қателігін түсінген жандарға қатысты жазба жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Әнші дер кезінде кешірім сұрай білу аса маңызды екенін алға тартты.

"Барлық адам қателеседі. Бірақ, қателесушілердің арасындағы ең жақсысы өз қателігін мойындап, тәубеге келгені!" - деген, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.с.) Дер кезінде кешірім сұрау көптеген бос әурешілікті жояды. Яки, мұсылман мұсылманға бауыр. Кешірімді болайық! Мейірімді болайық! Кештім" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары шоу-бизнес өкілінің сөздеріне қосылып, оны қолдай кетті.

"Иә, дұрыс айтасыз, жалпы мұсылман діні бейбітшілік пен мейірімділікке шақырады ғой", "Өз қателігімізді мойындау ерлік деп ойлаймын" , "Сізбен толықтай келісемін. Өмірді ренішпен өткізудің орнына, қатеңді түзе" , "Кештім деп кімге айтып тұр екен?" , "Бұл жазбаның астырнда бір нәрсе бар секілді. Кім ренжітіп жүр сізді?" , - деп жазуда қалың көпшілік.

Сонымен қатар, желідегілер әншінің жазба соңындағы "кештім" деген сөзі кімге арналғанын біле алмай әлек болды. Олар Әуелбекованы сұрақтың астына алып, оны кім ренжіткенін білуге тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895638-kestim-mldir-uelbekovany-serli-zazbasy-eldi-ojlandyryp-kojdy/

pixel