Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында ғана Дубайдан оралған Ерке Есмахан енді Мысырда демалуда (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан Мысырда
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан коронавирус пандемиясына қарамастан ай сайын шетелде демалуды әдетке айналдырған көрінеді. Жақында ғана Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған өнер иесі енді сиқырға толы Мысыр еліне аттанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан жақында ғана Дубай қаласынан елге оралғанына қарамастан, тағы да шетелге шығуды жөн көрген. Эстрада жұлдызы бұл жолы Мысырдың Шарм-эль-Шейх қалашығына ат басын бұрған.

Белгілі болғандай, өнер иесі ол жерде туыстарымен бірге демалуда. Ол Instagram парақшасында барынша белсенділік танытып, өз оқырмандарына ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетті.

Әнші күнделікті желіде өз жанкүйерлерімен байланысқа шығып, Шарм-эль-Шейхтегі қызықтармен бөлісіп жүр.

"Қазақстанда қыстың қақ ортасы, аяздың күшейген кезі деген сылтаумен Египеттің Шарм Эль Шейх қаласынан бір шықтық. Египетке 4-ші рет келуім. Мұндағы “Қызыл теңіз” бір келген адамды қайта-қайта шақырады екен өзіне", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушылары әртістің тағы да шетелге шыққанына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі оның ыстық мекенде жүргеніне тәнті болып, жақсы демалыс тіледі. Ал кейбірі керісінше, әншіні коронавирус пандемиясы кезінде шетел асып кеткеніне шүйлікті. Олардың айтуынша, өзге елде демалып келгендердің көбісі қауіпті инфекцияны жұқтырып келеді.

"Жақсы демалыс болсын" , "Қандай керемет, бәріміз үшін демалып қайтыңыз" , "Шетелге жиі шығып кеттіңіз ғой. Жақсы демалыс болсын" , "Пандемияны ешкім ескеріп жатқан жоқ" , "Шетелге барып, елге вируспен оралады бәрі", "Қорықпайсыз ба коронавирус жұқтырып аламын деп?" , - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895854-zakynda-gana-dubajdan-oralgan-erke-esmahan-endi-mysyrda-demaluda-foto/

pixel