RU

Мінсіз мүсінді Жәния Джуринская ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Жәния Джуринская
Фото: Instagram/djurinskaya

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская жолдасымен кезекті саяхатқа аттанды. Бұған дейін Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктерінде демалған ерлі-зайыптылар енді Мальдив аралдарында барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская көптің арманына айналған Мальдив аралдарына жеткен бойда ерекше фотосессиясымен бөліскен. Купальникпен суретке тускен актриса қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш етіп, елдің қызу талқысын тудырды.

Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған фотоларға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі оның үздіксіз саяхаттап жатқанына тәнті болды. Әсіресе, ерлер қауымы отандық киножұлдыздың талдырмаш мүсінінен көз ала алмай, оған жылы лебіздерін білдірген.

Ал кейбір оқырмандар ерлі-зайыптыларды панденмия кезінде шетелге шыға бергені үшін сынап тастады. Сонымен қатар, олар Жәния Джуринскаяның ыстық мекендегі фотосы тым ашық деп, оның қылығы жаңа түскен келінге сай емес екенін жазды.

"Недеген мінсіз дене. Сізге шексіз ғашықпын" , "Мұндай фотоларды тұрмыстағы әйелдің салғаны дұрыс емес секілді" , "Енеңіз бен туыстарыңыз желіде отыратын шығар. Ұялмайсыз ба?" , "Пандемия кезінде шетел асып, қауіп төндіріп қана қоймай, жаңа түскен келінге жат қылық танытып жатырсыз" , "Толып кетіпсіз" , "Аяғы ауыр секілді ме?" , "Мінсіз мүсінді ару. Тұрмысқа шығып кеткенің өкінішті" , "Осы актрисаның денесі бәрінен де мықты", - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895922-minsiz-msindi-znia-dzurinskaa-erler-kauymyn-esten-tandyrdy-foto/