Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анайы сахналарға келіспеймін": Салтанат Бақаева киногерлерге қандай талап қояды

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Отандық танымал әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қандай фильмдерге түсуге келісімін бермейтінін ашық айтты. Өнер иесінің белгілі бір жобадан бас тартуына қандай жайттар әсер ететінін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Салтанат Бақаева әрбір киноға түсу үшін алдымен жолдасымен ақылдасатынын жасырмады. Актриса отағасының рұқсатын алған жағдайда ғана жаңа жобаға кірісетін болып шықты.

Оның үстіне өнер иесінің кинопродюсерлер мен режиссерларға қояр бірқатар талабы да бар екен. Салтанат Бақаева отбасылы адам болғаннан кейін, фильмдердегі ерсі сахналардан бірден бас тартатынын айтты. Оның сөзінше, кинода барлығы ойға қонымды деңгейде болған жөн.

"Менің қоятын басты талабым - барлығы ойға қонымды деңгейде болса екен деймін. Анайы сахналар болмау керек. Әрине, өзім үш баланың анасы болғандықтан, отбасылы болғандықтан бұл үлкен жауапкершілік. Сондықтан, кей дүниелерді әкелген кезде, кей сценарийлерді бергенде мен келісімімді бере алмаймын. Кейбір режиссерлар "өмір" деп, ерсі сахналарды көрсетуге тырысады. Бірақ, меніңше цензура керек.
Себебі, мәселен өмірде болатын іс деп, дәретханаға барып отырмайсың ғой. Менің ойымша, әр нәрсенің эстетикалық сұлулығын көрсете білген жөн. Ал менің рөлдеріме келетін болсақ. Міндетті түрде жолдасыммен ақылдасып, оның рұқсатын алғаннан кейін ғана келісімімді беремін. Құдайға шүкір, ол мені барлық жағынан қолдайды, өнерімді түсінеді" , - деді Бақаева "Ревю" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896332-anajy-sahnalarga-kelispejmin-saltanat-bakaeva-kinogerlerge-kandaj-talap-koady/

pixel