Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матай ерекше төсбелгімен марапатталды (фото)

Опубликовано:

Аша Матай төсбелгісімен
Фото: Instagram/asha_matai

Белгілі тележүргізуші Аша Матай ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін "Матай Бөрібай батыр" төсбелгісімен марапатталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай бұл қуанышты жаңалығымен бірден Instagram желісінде өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген. Тележүргізуші бұл төсбелгі бұған дейін алған марапаттарының ішіндегі ең қымбаттысы екенін айтты.

"Өзімнің инстадостарыма қуанышты жаңалығымды жеткізгім келеді. Мен «Матай Бөрібай батыр» төсбелгісімен яғни медалімен марапатталдым.Куәлігінде «Ұлттық рухты көтеру жолындағы еңбегі үшін» деп жазылыпты. Осы ретте, азғантай қосқан үлесімді жоғары бағалағандарыңыз үшін “Матай Бөрібай батыр” қорының ұйымдасыру алқасына алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін осы төсбелгі, менің алып жүрген марапаттарымның ішіндегі ең қымбаттысы деп қабылдадым. Айтпақшы, медальдың арты біздің бөрі таңбамыз" , - деп жазды Аша Матай.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай мен Арман Қоңырбаев кіші қызының туған күнін бірге атап өтіп, барша жанкүйерлерін қуантқан болатын. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қайта қосылғанына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірген.

Оған қоса, Аша Матай жаңа жылды жолдасының отбасымен бірге қарсы алған болып шықты. Оған желіде тарап кеткен фото мен видеожазбалар дәлел болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896362-asa-mataj-erekse-tsbelgimen-marapattaldy-foto/

pixel