"Шаншар" жұлдызы Уәлибек Әбдірайымов екі рет тергеу изоляторында отырған
Жарияланған күні:
90-шы жылдардағы қиын кезең көп адамды тура жолдан тайдырды. Солардың қатарында "Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдрайымов та бар болып шықты. Өнер иесі елдің банктеріндегі қитұрқы істер жөнінде, салдарынан туған бауыры түрмеге түскенін айтып берді деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.
Бүгінде Уәлибек Әбдірайымов – танымал әрі көпшіліктің құрметіне бөленген жан. Сахнада жүрген 30 жылға жуық уақыт ішінде ол көрерменнің ең сүйікті әртісіне айналды. Алайда сұрапыл 90-шы жылдар көп адамды, оның ішінде Уәлибек Әбдірайымовты да сынға алды. Қазақы әзілдің майталманы «Ең алғашқы» бағдарламасының жүргізушісі Аман Тасығанға қалай күріш ұрлағанын айтып берді.
Жас кезінде өнер майталманы екі рет заң бұзып, тергеу изоляторында 15 күннен отырып шыққан.
«Бойда жастық жалын, қорқыныш деген жоқ» дейді театр және кино актері. «Ағам банкінің бастығы болды, біз ақша саттық. Мен біреуге қарыз болдым, анау маған қарыз болды. Сол кезде мен шатастым», - деген әртіс ақша жүрген жерде тазалықтың болмайтынына сенімді.
Айта кетейік, отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да жас кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөліскен болатын. Белгілі продюсер студенттік шақта өзі жұмыс істейтін жерден ет ұрлап, сол үшін арнайы айыппұл төлеген.
Қайрат Нұртастың анасы бүгінгі танымалдылық оңайшылықпен келмегенін алға тартып, қатты қиналған кезі болғанын жоқа шығармады. Ол бүгінде көпке сыйлы продюсер болғанымен, еңбек жолын ет комбинатында бастаған екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896385-sansar-zldyzy-ulibek-bdirajymov-eki-ret-tergeu-izolatorynda-otyrgan/