Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлнұр Оразымбетова: Жақындарымды аңдамай көзбен атып, ренжітіп аламын

Опубликовано:

Гүлнұр Оразымбетова
Фото: Instagram/gulnurorazymbetova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова қалың көпшілікке барынша ашылып, өз мінезі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі кейде тіпті жақындарын да ренжітіп алып, артынан өзі қиналып жүретінін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова өзінің жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Әнші онда аса әсерлі жазба жариялап, өзіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

"Адамның мінезі ауа-райы сияқты жиі өзгергені дұрыс емес,иә. Кейде жақындарымды аңдамай көзбен атып, ренжітіп алам да, қиналып жүргенім сол. Өз басым,ашуым тез қайтады. Айлап, жылдап араласпай кететін адамдар қалай жүреді екен. Менің осы отырысым отырыс, көзім бақырайып" , - деп жазды Оразымбетова.

Өнер иесінің бұл айтқаны желідегілер арасында қызу талқыланып, олардың сансыз пікіріне ие болды.

"Мен де кейде көзқарасыммен атып аламын да, кейін өкініп жүремін" , "Гүлнаұр жалғыз емессің. Сен секілділер көп. Мәселен мен де сондаймын. Бұл өмір" , "Бәрібір жүрегіңіз жұмсақ әрі мейірімді көрінесіз" , "Мен де сіз секілдімін. Біз Қызылорданың қызадры ауыр сөйлейміз. Өзімізге білінбейді. Бірақ, шындықты бетке басып, сүйектен өтетін сөздер айтамыз"

"Ашуыңыз тез қайтса болғаны. Бұл жақсы қасиет" , "Осы сондай адамдар қалай жүреді екен деп мен де ойлайтын едім. Бірақ, басыңа түспейінше түсінбейді екенсің" , "Не болса да кереметсіз. Әндеріңіз, шығармашлығыңыз тамаша" , "Сізді "Жас қанаттан" бері тыңдап келемін" , -деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896825-glnr-orazymbetova-zakyndarymdy-adamaj-kzben-atyp-renzitip-alamyn/

pixel