Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: 21-ғасырда өмір сүрсек те, әлі вакцинаға сенім жоқ

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация мәселесін көтеріп, оған қатысты не ойлайтынын айтты. Ақпарат өкілі екпеге сенбейтіндерге жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы өзі вакцина салдыратынын хабарлағанда халықтың басым көпшілігі оған қарсы шыққанына қатты таңғалғанын жеткізді. Сол себепті, тележүргізуші екпеге сенбейтіндерге Instagram желісінде жазба арнап, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты өз көзқарасын айтты.

"Вакцина салдырмаса не болады? Тағы да ескертем, жазба тапсырыспен жазылмаған. Кеше «Мен вакцина салдырам» деп пост жазып едім, мен де салдырам дегендер бірен-саран. Басым көпшілігі қарсылық білдіріп отыр. Кейбір пікірлер адамның жағасын ұстатады. 21-ғасырда өмір сүрсек те, әлі вакцинаға сенім жоқ. Былай қарасаң, екпе жасау деген кеше шыққан нәрсе емес. Вакцина тарихына үңіліп көрейікші:
  • 1746жылы вакцинаны ойлап тапқан Эдвард Дженнер бағбанының 8 жасар ұлына екпе жасаған. Нәтижесі керемет! Жиырма рет жұқтырғысы келсе де, ол бала ауру жұқтырмаған екен.
  • Екінші буынды вакцинаны 1880жылы енгізген француз ғалымы Луи Пастер. Ол құтырған ит қапқан 9 жасар ұл баланы өлімнен құтқарған. Басқа дәрігерлер емдей алмаған балаға құтыруға қарсы екпе еккен соң жазылып кеткен.
  • 19 ғасырда емі жоқ дерттің алдын 1 ғана екпемен алған. Жаппай вакцинациялау арқылы табиғи шешек ауруы жер бетінен біржола жойылды.
Адамзаттың ғылыми жеңісіне қарамастан вакцина салдыруға қарсылық бұрын да болған. Бірақ оның нәтижесі жақсылыққа алып келмеді. Мысалы:
  • Стокгольмде (1873-1874жж) діни себептерге байланысты қарсылық вакцинациялауды толық жасатпады. Ақыр соңында табиғи шешек эпидемиясы басталып кеткен.
  • ТМД елдерінде (1990-1999жж) дифтерия ауруы өршіп кетті. Оған себеп вакцина салуға қарсы қозғалыс.
Екпе салдыру-салдырмау өз еркіңіз. Бірақ бұл дерттен құтылудан бас тарту деп ойламайсыздар ма" , - деп жазды Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын хабарлаған болатын. Ақпарат өкілінің бұл маңызды мәлімдемесі бірден желідегілер арасында қызу талқы тудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897019-ljl-sltankyzy-21-gasyrda-mir-srsek-te-li-vakcinaga-senim-zok/